logo

+7 (7172) 279 472

Электр және жылу энергиясын өндіру

«Караганда Энергоцентр» ЖШС

generaciya"Караганда Энергоцентр" ЖШС – Қарағанды қаласындағы электр және жылу энергиясын негізгі өндіруші. Серіктестік 2008 жылдың 22 желтоқсанында құрылған.

Энергетикалық кешен құрамына кіреді:

• ЖЭО-1 (Орнатылған электр қуаттылығы - 32 МВт, қолданымдық жылу - 263 Гкал/сағ);
• ЖЭО-3 (Орнатылған электр қуаттылығы - 670 МВт, қолданымдық жылу - 1052 Гкал/сағ);
• Компанияның жалғыз иесі болып, акционерлік капиталының 100% иемденетін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС болып табылады;
• Қызметкерлердің саны – шамамен 1300 адам.

КЭЦ (2010-2015 ж.ж.) инвестициялық бағдарламасы:

• ЖЭО-1: Негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту;
• ЖЭО-3: Станцияның қолданыстағы қуаттылықтарын қазандық және турбиналық жабдықтардың бу шығарғыштығын номиналдық мәніне дейін жеткізу мақсатымен жаңғырту және қайта құру (2010-2015 ж.ж.):
• I кезең: ЖЭО-3 қуаттылығын №5 ст. Т-120/140-12,8 турбина қондырғысын ( 2011 жылы жүргізілген), градирняны монтаждау, таспалы конвейерлерді қайта құру жолымен кеңейту (2010-2014 ж.ж.).
• II кезең: № 8 ст. (бу шығарғыштық 670 т/с) қазандық агрегатын, Т-110/115-13,8 № 6 ст. турбина қондырғысын, сондай-ақ өнімділігі 25 000м3/с желдеткіш түрдегі градирня орнату (Жоба 2016 жылы іске асырылған)

Көрсетілген жобаларды орындау энергия торабында қолданыстағы қуат тапшылығын айтарлықтай азайтуға, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуде сенімділігін арттыруға мүмкін етті.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС

generaciyaIрі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды және қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 80% қамтиды, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы ірі электр энергиясын өндірушісі болып табылады.

Орнатылған қуаттылығы- жылулық-881,7 Гкал/сағ, электрлік-372,5 МВт

Қазіргі (нақты) қуаттылығы - жылулық-881,7 Гкал/сағ, электрлік-269,9 МВт

Компанияның жалғыз жеке меншік иесі болып  акционерлік капиталдың 100% иелік ететін «Қазақстан коммуналдық желілері» ЖШС болып табылады. Қызметкерлер саны- 552 адам.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.