logo

+7 (7172) 279 472

Өткізу

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС

«КарағандыЖылуСбыт» - ЖШС Қарағанды қаласы және Ақтас кенті тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін энергиямен жабдықтаушы ұйым. Ұйым 2007 жылдың 1 тамызынан бастап « Қарағанды Жылу» ЖШС өткізу және төлемдерді жинау Департаменті базасының негізінде құрылды. Қызметкерлер саны 300 адамнан астам.

karagandy zhili sbit«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС мақсаты және міндеттері:

• Жылу – және электр энергиясын жабдықтауды тұрақты қамтамасыз ету;
• Тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету;
• Тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін төлемдерді жинауын қамтамасыз ету;
• Өткізу нарығын кеңейту;
• Биллингтің жүзеге асырылуы.

Ұйымда тұтынушылардың толық және шынайы ақпараттық базасы құрылған; басқа ІТ-өнімдерімен біріктіруге болатын бірегей бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады; тұтынушыларға қызмет көрсету барысында ақпараттық технологиялар жетістіктері (банкомат, интернет-банкинг, терминалдар арқылы төлем қабылдау) қолданылады. Ұйым халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін жобаларды белсенді әзірлеумен және енгізумен шұғылданады. Бүгін ол: Учаскелерде банк комиссиясының сомасын азайтуға мүмкіндік беретін халық төлемдерін қабылдау бойынша кассалық пункттерді ашу.

Электр -, жылу -, сумен жабдықтау және "Алма-ТВ" шоттарын біріктіретін бірыңғай түбіртек жүйесін енгізу. Бұл қадамның сервистік қызмет көрсетуді тұтынушылар үшін барынша ыңғайлы жасағандықтан маңызды әлеуметтік мәні бар. Болашақта ұйым "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС базасында халыққа қызмет көрсету бойынша қалалық биллинг жүйесін құруды жоспарлап отыр.


«Расчетный сервисный центр» ЖШС

«Расчетный сервисный центр» ЖШС - Қарағанды облысының Бұқар Жырау және Абай ауданының 82 елді мекеніне, Шахтинск, Абай қалаларына қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым. Тіркелу күні – 7 қазан 2003 жыл.

rcsТұтынушылар саны – 50 000 жеке тұлға және 1 500 жуық заңды тұлғалар. Электр энергиясын іске асыру көлемі, 2011 жылдың қорытындысы бойынша,  180 млн. кВт*сағ аса. «Расчетный сервисный центр» ЖШС міндеті - электр энергиясын қызмет көрсетудің барлық аумағына жеткізілу сенімділігін қамтамасыз ету.

Мақсаты:
• Тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз және сапалы жеткізуді ұйымдастыру;
• Компанияның бәсекеге қабілеттілігі пен тұрақтылығын арттыру;
• Энергиямен жабдықтаушы қызметтің тиімділігін арттыру.


«Энергопоток» ЖШС

«Энергопоток» ЖШС - Шымкент қаласын энергиямен жабдықтаушы ұйым. Құрылған мерзімі – 9 шілде 2003 жыл.

energopotokКомпания мақсаты - Шымкент қаласы тұтынушыларын электр энергиямен сапалы және үздіксіз жабдықталуын қамтамасыз ету.

Тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді қала аумағында орналасқан "Энергопоток" ЖШС 32 кассалары қабылдайды.

Электр энергиясы тұтынушыларымен қарым-қатынасты жетілдіру және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатымен өзіне тұтынушылардың шағымдарын, сұратуларын, ұсыныстарын қабылдау бойынша және электр энергиясы үшін төлем шоттарын беру бойынша орталықтарын біріктіретін 2010ж.наурыз айында - Call-center, 2010ж.тамыз айында – Байланыс-орталығы (Call-center филиалы) құрылды.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.