logo

+7 (7172) 279 472

Қайырымдылық қызметі

Қайырымдылық қызметі

"ҚКЖ" ЖШС жыл сайын әлеуметтік саясаттың дамуына баса назар аударып келеді, жағдайы төмен отбасыларға, жетім балаларға, ҰОС ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне, сондай-ақ энергетикадағы бұрын жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне және зейнеткерлерге көмек көрсете отырып, белсенді қайырымдылық қызметін жүргізуде.

Компанияда жақсы дәстүр қалыптасқан: Жеңіс күніне орай, жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін –электр желілерінің бұрынғы қызметкерлерін, энергетиктер Кеңесі мүшелеріне құрмет көрсетеді. Осы жарқын мерекеде ЕТК қызметкерлері жергілікті кәсіподақтар төрағаларымен бірге әрбір мекенжай бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген интернационалистер жауынгерлері және Чернобыль ардагерлерін әрбір ардагерге өнімдер қоржынын және бір жолғы материалдық көмек табыстай құттықтайды. Сондай-ақ, бұл күні бай дастархан ұйымдастырылады  және мерекелік концерттер өткізіледі. Ардагерлер сыйлық ретінде электр энергиясы есепке алу құралдарын тегін орнатуға мүмкіндік алады.

Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай  қомақты материалдық қолдау көрсетілетін  балалар үйлерін қолдауға көп көңіл бөлінеді. 2012 жылы қарағандылық компаниялармен "Құлыншақ" балалар үйіне қамқорлық жасау орнатылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін арнайы  "тірі табиғат бұрышы" кешені құрылған.

Назардан  жастардың рухани және мәдени дамуы туралы, өскелең ұрпақтың  діни  тәрбиелену сұрағы да тыс қалған жоқ. Мысалы, 2010 жылы "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС "Шапағат-Қарағанды" әлеуметтік бастамалар қорына жаңа мешіт құрылысы үшін 63 млн.теңге бөлді. Компанияның көптеген қызметкерлері мұқтаж адамдарға "Қызыл жарты ай" қайырымдылық ұйымы арқылы материалдық көмек көрсетеді.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.