logo

+7 (7172) 279 472

Кадр саясаты

Кадр саясаты

"ҚКЖ" ЖШС Кадр саясаты (К.С.) Серіктестіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қабілетті адам ресурстарын тиімді басқару арқылы Топтың барлық компанияларының  өзара әрекеті және жұмыс істеуі сенімділігін қамтамасыз ететін қағидаларына негізделген. К.С. қызметкерлер мен Серіктестік басшылығы құқықтары мен міндеттерін, еңбек тәртібінің, персоналды дамытуды жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі талаптарын айқындайды; қызметкерлердің еңбекақы төлеу шарттары, жалдау тәртібі, қызметте жоғарылату және басқа қызметке ауысуын реттейді, осы Саясатты бұзғаны үшін жауапкершілікті тағайындайды, сондай - ақ қызметкерлердің кәсіби бағалауын және оларды ынталандыруын жүргізуге мүмкіндік береді.

"ҚКЖ" ЖШС персоналмен  еңбек қарым-қатынасын үйлестіруші және  К.С әзірлейтін уәкілетті орган болып  әкімшілік бөлім табылады. Бөлімнің мақсаты – Серіктестікке жоғары білікті қызметкерлерді тарту, ұстап қалу, ынталандыру және дамыту бойынша стратегияларды орындау арқылы табыс қамтамасыз етуге қатысу. Электр және жылу энергиясын өндіру қауіппен байланысты, сондықтан Компания қызметкерлердің кәсіби және моральдық қасиеттеріне, сондай-ақ, тәртіп пен еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын қатаң түрде сақталуына жоғары талаптар қояды.

"ҚКЖ" ЖШС жоғары білікті, талапкер, топта жұмыс істей алатын, жаңа соның ішінде стандартты емес тапсырмаларды орындай алатын және өз дағдыларын жетілдіруге дайын қызметкерлерді тартуға мүдделі. Компания бағдарлы тақырыпта жоғары оқу орындарын сәтті аяқтаған жас мамандарды тартуға ерекше қызығушылық танытады.

Жауапты жұмыс беруші бола тұра және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әрекет ететін Компания тиісті еңбек жағдайын қамтамасыз етуге және өз қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатына қамқорлық көрсетеді, әрбір қызметкерге мансаптық өсу және оның потенциалын жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынуға ұмтылады.

Осылайша, "ҚКЖ" ЖШС персоналды басқару жүйесі негізіне мынадай анықтайтын принциптер енгізілген:
• Персоналды басқару процесіне барлық басқарушы буындарды қосу, басшыларға персоналды басқару принциптері мен әдістеріне оқыту жүйесін құру, барлық деңгейдегі басшылар үшін персоналмен жұмыс істеу бойынша құжаттарды әзірлеу;
• Кәсіптік, іскерлік, психологиялық қасиеттері бойынша кадрларды олардың қызметін объективті бағалау негізінде іріктеу, орналастыру және ұсыну;
• Бос жұмыс орындарын орналастыру кезінде  ішкі және сыртқы ресурстардың орынды үйлесуі;
• Қызметкерлердің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі үшін жағдай жасау;
• "ҚКЖ" ЖШС қызметкерлер жағдайын жақсартатын,  корпоративтік тиістілілік санасын қалыптастыра  оның тартымдылығын бекітетін қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелері өмір деңгейін көтеру, әлеуметтік-еңбек кепілдіктері жүйесін құру;
• Ұжымда қолайлы психологиялық климатты жасау;
• Қазіргі заманғы кадрлық технологияларды барынша енгізу және персоналды басқару процестерін автоматтандыру;
• "ҚКЖ" ЖШС ағымдағы мүдделеріне барабар жауап беретін К.С. икемді, қарқынды дамуы;
• Компанияның оң имиджінің қалыптасуы.

Бүгінгі күні "ҚКЖ" ЖШС шамамен 11 мың адам жұмыс істейді. Кадрлық құрам – жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибесін беруге қабілетті жоғары білікті мамандар. Компанияның жетекші ғылыми қызметкерлері ішінде 100-ге жуық Қазақстан және ТМД-ның еңбегі сіңген энергетиктері бар.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.