logo

+7 (7172) 279 472

Өндірісті жаңғырту

Басты бағыттардың бірі, өз кәсіпорындарымызда жаңа технологияларды енгізіп және оны үнемі дамытып отарымыз.  Сол үшін біз қазір ауқымды инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Жүйелі түрде жаңа құрылыстар қолға алынып, энергетикалық нысандарды жаңғырту жүргізілуде.  


«Караганда Энергоцентр» ЖШС

karaganda energocenterҚазіргі уақытта «Караганда Энергоцентр» ЖШС 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Оның негізінде жылумен қамтуға бағытталған іс-шаралар: Қарағанды ЖЭО-3 жаңа жылу құбырын қосу үшін технологиялық құбырларды қайта жаңартуды жүргізеді. 3 жылу құбырының құрылысы бойынша жобаны Қарағанды облысының әкімдігі қаланың салынып жатқан нысандарын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыруда. Аталған нысанды пайдалануға беру үшін ЖЭО-3 аумағында ұзындығы шамамен 2 км құбыр желісін төсеу бойынша технологиялық жұмыстарды орындау қажет. Осы жобаны іске асыру қосымша 135 мың Гкал алуға және 1,2 млн.шаршы метрден астам жаңа тұрғын үйді, сондай-ақ бизнес және әлеуметтік сала объектілерін жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау мәселелерін дәйекті шешу үшін инвестициялық бағдарламада жылу беру жабдығының жұмыс сапасын жақсарту және оның негізгі тораптарын ауыстыру арқылы жылу беруді ұлғайту көзделген. 3-ші жылу құбырын іске қосу және станцияның жылу жүктемесінің артуы инвестициялық бағдарламаның үшінші жобасымен – ЖЭО-3 № 3 күл үйіндісін салумен байланысты, бұл энергия көзінің үздіксіз жұмысын және күл-қож қалдықтарын экологиялық қауіпсіз қоймалауды қамтамасыз етеді.  Жобаның қажеттілігі 2024 жылы күл үйіндісін пайдаланудың аяқталуымен және күлді жинауға арналған бос сыйымдылық қажеттілігімен байланысты.


«Қарағанды Жарық» ЖШС

karagandi zharik«Қарағанды Жарық» ЖШС-нің келесі инвестициялық бағдарламасы Қарағанды өңіріндегі энергия жүйесін жақсартуға және дамытуға бағытталған.

2021-2025 жылдардағы инвестициялық бағдарламасы аясында «Қарағанды» ҚС-110/35/6кВ, «Болашақ» ҚС, «Федоровка» ҚС салынады, «РТИ» ҚС және «Ботаническая» ҚС толық қайта жаңарту жүргізілді. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді (жоғарғы 35-220кВ SCADA және төменгі деңгейдегі 6/10 кВ SCADA) монтаждау жоспарланған.

Сондай-ақ, электр беру желілерін реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.


«Өскемен ЖЭО» ЖШС

uktetsКәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып табылатын жылу және электр энергиясын өндіру аралас тәсілмен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні станцияда 9 қазандық агрегат және 8 турбиналық агрегат орнатылған. Станциямен өндірілетін жылу энергиясы қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 80%-дан астамын жабады. «Казцинк» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ сияқты аймақтың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

2013–2016 жж. ірі инвестициялық жобалардың бірі №12 ст. турбоагрегаттың құрылысы болды. Жаңа турбинаны орнату бойынша инвестиция көлемі – 11 млрд.484 млн. теңгені құрады.

Өскемен ЖЭО орнатылған жабдықтарды жаңғыртуды, оның сенімділігін қолдауды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысын үздіксіз жылу және электрмен жабдықтауды қолдауға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруды жалғастыруда. №16 ст. қазандық агрегатын салу және №10 ст. Т-60/65 үлгісіндегі турбоагрегатты ауыстыру станцияның белгіленген жылу қуаттылығын 252 Гкал/сағ-қа және станцияның белгіленген электр қуаттылығын 15 МВт-қа ұлғайтуға, жылу көзінің, сондай-ақ қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қала мен өңір тұтынушылары үшін жылу және электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіншілік туғызады.


«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ

mangistau2021 жылы «МӨЭК» АҚ 2021-2025 жылдарға есептелген жалпы сомасы 19 млрд.теңгеден асатын жаңа инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруды бастады.

2021 жылы Инвестициялық бағдарлама аясында «МӨЭК» АҚ Ақтау қаласының «Тёплый пляж» ауданында 2х25 МВА трансформаторларымен ПС-110/10 кВ жаңа «Южная» қосалқы станциясының құрылысын аяқтады. Қосалқы станцияны пайдалануға беру үшін ұзындығы 6 км 110 кВ жаңа әуе желісі салынды, сондай-ақ 2021 жылы «МӨЭК» АҚ энергетиктері «Тёплый пляж» ауданында ұзындығы 10,3 км электр берудің екі тізбекті әуе желісінің (ЭБЖ-10 кВ) құрылысын аяқтады. Жұмыс барысында 256 тірек орнатылды. Құстардың қауіпсіздігі үшін әуе желілерінде заманауи қорғаныс құрылғылары орнатылған.

Бұдан басқа, 2021 жылы «МӨЭК» АҚ мамандары «Узень» ПС-220/110/10 кВ қосалқы станциясының екі автотрансформаторында сумен өрт сөндіру жүйесін жаңғыртуды жүргізді. «1Г», «2Г, «3Г», «Прибрежная», «ПС-4», «Н-2», «Куюлус», «РМЗ», «База отдыха» қосалқы станцияларында ЭКЕАЖ жүйесін енгізді және ПС-220/110/10кВ «Узень» қосалқы станциясындағы SCADA жүйесін енгізді.

Соңғы 5 жылда «МӨЭК» АҚ қосалқы станцияларындағы күштік трансформаторлар қуатының өсімі 31% - ды құрады. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде «МӨЭК» АҚ энергетиктері келесі қосалқы станциялардағы өткізу қабілеті жоғары электр қондырғыларына күштік трансформаторларды ауыстырды: Жетібай энергия торабының ПС-35/6 кВ «БКНС-2», ПС-35/6 кВ «БКНС-3», ПС-35/6 кВ «Восточная», Өзен энергия торабының «Глинзавод» ПС-35/6 кВ, Бозашы энергия торабының «Каражанбас» УРПС-220/110/35/10 кВ, ПС-110/10 кВ «База отдыха», ПС-110/10 кВ «ГПП-2Г» и ПС-110/10 кВ «Прибрежная».


«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

ontustik zharik«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тұтынушыларға сенімді де сапалы электр энергиясын жеткізіп беру үшін электр жүйелерін қарқынды түрде жаңартып отырады. Компания 2016-2022 ж.ж. өзінің инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұдан бөлек, электр жүйесі кешенін қайта жаңғыртып, энергетикалық жаңа нысандардың құрылысын жүргізуде.

Соңғы 5 жылда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 58 қосалқы станциясын жаңғыртып, 4 952 шақырымды құрайтын әуе желілері тартылды. Сонымен қатар, 44,5 шақырымға созылған КЛ-10-0,4 кВ кабельді желісі жаңартылды. Оған қоса, 726 дана ТП/КТП-10/0,4 кВ су жаңа құрылғылар орнатылды.  

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2017 жылы Электр энергиясына коммерциялық есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесін (АСКУЭ) енгізуді қолға алды. Бүгінде 42 қосалқы станцияда 446 есеп жүргізу құрылғысы орнатылған. 238 ТП, КТП жабдықтарында 35 092 есеп жүргізу құрылғысы қойылды.  

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.