22 қараша күні Өскемен ЖЭО-да турбиналық цехтың ыстық сумен қамтамасыз ету сорғы машинисі Нұржан Ақатайұлы Дүйімбаевты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.
Нұржан Ақатайұлы Өскемен ЖЭО-дағы еңбек жолын 1997 жылғы 13 маусымда бастаған. Содан бері ол тек ұжымның мүшесі ғана емес, сонымен қатар сенімді әріптеске айналды. Оны құрметті демалысқа шығарып сала отырып, ұжым оның станция жұмысына қосқан үлесін шынайы алғыс сезіммен еске алады.
26 жылдық еңбек жолында Нұржан Ақатайұлы өзін жанашыр, білімді және мақсатшыл маман ретінде танытты. Оның кәсібилігі, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі жастар үшін үлгі болды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің бас директоры Данияр Нұғұманов Нұржан Ақатайұлына кәсіпорынның табысты жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, оған зор денсаулық пен отбасымен бірге өмірінің келесі кезеңінде жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.