2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 4 ақпан күні Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде энергетикалық мамандықтар бойынша колледж студенттеріне арналған ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілді. Оқу барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
- Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025.
- Электр қауіпсіздігі.
- Қорғау құралдарын қолдану және сынақтан өткізу ережелері.
- Электр тоғының әсерінен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және РУ-0,4 кВ КТПГ 416 КбРНЭС электр қондырғыларында электр тогының әсерінен босату манекен-тренажері арқылы практикалық дағдыларды жаттығу.
Практикалық бөлім манекен-тренажерінде оқу өткізуді қамтыды. Студенттер КТП-да зардап шеккенді құтқару бойынша жарыстарға қатысты, олар электр тогының әсерінен құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау дағдыларын көрсетті. Жарыс теоретикалық білімді нақты жағдайларда іс жүзінде бекіту үшін тамаша мүмкіндік болды.
Іс-шара қатысушылармен естелік фотосессиясымен аяқталып, студенттер «Қарағанды Жарық» ЖШС компаниясына жұмысқа орналасуға шақырылды.