logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 13:58

"Оңтүстік Жарық Транзит" компаниясы Оңтүстікте жаңа электр желілері бағаналарын тасымалдауға кірісіп кетті

"Оңтүстік Жарық Транзит" компаниясы Оңтүстікте жаңа электр желілері бағаналарын тасымалдауға кірісіп кетті

"Оңтүстік Жарық Транзит" компаниясы ауқымды жобаны жүзеге асыруға кірісіп кетті. Енді ескі ағаш бағаналар жаңа темір бетонды бағаналарға ауыстырылады. Жарты ғасырға жуық халықты қалтқысыз қуатпен қамтыған ескі тіреуіштерді сапалы да заман талабына сай бағаналарға алмастыратын кез келді.

Қазір "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС шалғайдағы Мақтаарал ауданына бағаналарды лек-легімен тасымалдауды бастады. Айта кету керек, Мырзашөл өңірі Шымкенттен 260 шақырым қашықтықта орналасқан. Электр желілері бағаналарын 4 бірдей «КАМАЗ» арнайы техникасымен жеткізеді. 2017 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында 4 аудандық электр станциясы қамтылмақ. Олар - Атакент, Мырзакент, Асықата елді мекендері мен Жетісай қаласы. Жоспарға сай жалпы саны 1500-ге жуық бағананы алмастыру көзделуде. Олардың ұзындығы әр қилы - 11 метрлік, сондай-ақ 10,5 және 9,5 метрді құрайды.

Енді ағаш бағаналарды жаңа темір бетонды электр желілері бағаналарына ауыстыру жұмыстарын 2017 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.