logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сейсенбі, 21 Ақпан 2017 14:21

Шымкенттегі «Энергопоток» ЖШС-да абонент саны 5 жылда 25% көбейген

Шымкенттегі «Энергопоток» ЖШС-да абонент саны 5 жылда 25% көбейген

Бүгінде Шымкент халық санына келгенде еліміз бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған алып шаһар. Аумағы жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - 1 200 шаршы шақырымды алып, көш басында тұр. Соған сәйкес, Шымкент халқы да жыл сайын көбейіп жатыр. Әлеуметтің артуына орай, шағын және орта кәсіп өркендеп, тұрғын үй құрылыстары қарқын алған. Бұл нысандарды қуатпен қамту үшін жаңа қосалқы станциялар салынып, электр желілері тартылды. Атап айтар болсақ, 2016 жылы жабық типті 110/10 кВ-тық «Нұрсәт» шағын станциясы пайдалануға берілді. Қазір оңтүстік қазақстандық энергетиктер аумағы кеңейіп жатқан шаһарды кешенді түрде қамту үшін барлық шараны қолға алып, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда.  

Статистикаға сүйенсек, соңғы 5 жылда «Энергопоток» ЖШС-нің абонент саны 25 пайызға ұлғайған. Егер 2012 жылы компания 150 мыңнан астам абонентті қуат көзімен қамтыса, биыл бұл көрсеткіш 192 мыңнан асып жығылады. Оның 9 мыңға жуығы заңды тұлғалар екен.  

«Энергопоток» ЖШС өз абоненттері үшін барынша ыңғайлы және тиімді жағдай жасауға ден қойған. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын шымкенттіктер арасында бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) енгізді. Бұл бірнеше коммуналды төлем түрлерін қамтиды. Тұрғындар аталған жаңалықты жақсы қабылдады. Өйткені бір түбіртекпен әп-сәтте электр энергиясына, газбен қамтуға, ауыз су, жылу, кабельді телевидение, тұрмыстық қалдықтар мен лифт, тіпті домофон қызметіне де ақы айыруға болады.

«Энергопоток» ЖШС қала аумағында абоненттерге ыңғайлы болу үшін  төлем қабылдау бекеттерін көбейтті. Қазір Шымкенттің түкпір-түкпірінде компанияның 19 кассасы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, БТҚ бойынша коммуналды төлемдерді серіктес-банктер кассаларында және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, сондай-ақ, «Касса 24» терминалдары мен «QIWI» жүйесі арқылы да жүргізуге болады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.