logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сейсенбі, 21 Ақпан 2017 17:08

Бүкіл өмірі – энергетикада!

Бүкіл өмірі – энергетикада!

Бүкіл өмірін өз жұмысына арнаған адам айналасындағы адамдарда сыйластық пен құрмет тудырады. Бұл тек қана бір нәрсені – өз ісіне шынайы махаббат пен адалдықты білдіреді.

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС энергия ресурстарын сатып алу бөлімінің бастығы Сымбат Исекеев отандық энергетикада, міне, 40 жыл еңбек етуде. Осындайда: "энергетик болып туылған" деп айтады. Сымбат Масғұтұлы өз жұмысы туралы айтқанда, қызыққа түскен әңгімеде жанған көздерінен және өз мамандығы бойынша негізгі білімінен энергетика ардагері ретінде өзінің бүкіл өмірін арнаған жұмысын шын жүректен жақсы көретіні бірден білінеді.

Мамандық таңдайтын кезде 17 жасар қарағандылық Сымбат Исекеев өзінің кім болғысы келетінін нақты білген. Жас жігіт энергетик болатынын бұрыннан шешкен. Осы қиын, бірақ өте қажетті мамандықты жас жігіт мектеп қабырғасында жүріп таңдаған. 1977 жылы Алматы энергетикалық институтын бітіріп, жас маман білек сыбана жұмысқа кірісті. Өз энергетик жолын Сымбат Исекеев РУЭХ "КарагандаЭнерго" Қарағанды жоғары вольтты электр желілері кәсіпорнында қосалқы станция электромонтеры қызметінен бастаған. Өз жұмысына зейін қойып, тапсырылған міндеттерге елеулі көзқарасын көрсеткен  жас энергетик бір жылдан кейін осы кәсіпорында инженер-технолог болады.

Өз өмірінде Сымбат Масғұтұлы қызметтік баспалдақтардың барлық сатыларынан – электромонтердан бастап басшы қызметтеріне дейін өтті. Осы жылдар ішінде қазақстандық энергетиканы дамыту және жаңғыртудың барлық кезеңдеріне ат салыса қатысқан, оның тәжірибесі мен кәсіби білімі әрқашан салаға қажет болды.

Атап айтқанда, 1982-1989 жылдары Сымбат Исекеев Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы қыстақтарын электрлендіру жоспарын қалыптастыру және оны жүзеге асыруға белсенді қатысты. 2002-2003 жылдары электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша (АСКУЭ) осы жобаның "Қарағанды Жарық" ЖШС техникалық сүйемелдеуін жүзеге асыра отырып, жұмыс тобының мүшесі болған, сондай-ақ, ДРЭЭ өндірістік қызметін құруда, желілік аудандардың есептеу және негіздеу кезінде қатысқан. ҚР энергетика Министрлігінің бұйрығына сәйкес, біліктіліктің салалық шеңберін, лауазымдық нұсқаулықтарды және іске асыру қызметінің қызметкерлері үшін құжаттардың нысандарын әзірлеу бойынша жұмыс комиссиясы құрамында болған.

Ұзақ жылдар бойы өзінің адал еңбегі және отандық энергетиканы дамыту бойынша ауқымды жобаларда қатысқаны үшін Сымбат Масғұтұлы бірнеше рет лайықты сыйлармен марапатталған, соның ішінде Қазақ КСР энергетика және электрификация Министрлігі Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ корпоративтік дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Соңғы 6 жыл бойы тәжірибелі энергетик "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясының энергия ресурстарын сатып алу бөлімінің бастығы болып істеп келеді.  

62 жасар Сымбат Масғұтұлы жұбайымен бірге отбасында екі бала тәрбиелеп отыр. Ұлы мен қызы Мәскеу қаласындағы "Жоғары экономика мектебі" мемлекеттік университетін бітірді. Қызы тұрмыста, Италияда тұрады, ұлы мемлекеттік сыңайлы секторда жұмыс істейді.

Сымбат Исекеев атап өткендей, бақытты өмір сүру үшін барлығы бар – сүйікті жұмысы, мықты отбасы, сонымен бірге адамгершілік, әдептілік, ісіне адалдықпен қарау сияқты өз өмірлік құндылықтарын үйренген балалары бар. Сымбат Масғұтұлы энергетик кәсібін және сол салаға бүкіл өмірін арнағанын мақтан тұтады. Өзін ондаған жылдар бойы айналысатын ісіне жеке үлесіңді қосып, өз еңбектерінің жемісін көруден жақсы ештеңе жоқ дейді энергетика ардагері.

Ғалым, профессор және жазушы Илья Шевелев айтқандай: "Егер мамандық - өмір сүру салтына айналса, онда кәсіп өнерге айналады".

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.