logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 24 Ақпан 2017 07:14

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қала тұрғындарының арасында жаңа ҮИЖҚК қызметі туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қала тұрғындарының арасында жаңа ҮИЖҚК қызметі туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде

2017 жылғы 23 ақпан күні  "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы қызметкерлерінің қала тұрғындарымен кезекті жиналысы өтті. Бұл жолы ақпараттық жұмысты Қарағандыда 12-ші шағын ауданының № 1 үйінің тұрғындары арасында жүргізді. Жиынға сондай-ақ, Октябрь ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлері қарағандылықтарға "ҚЖС" компаниясымен көпқабатты үйлердің инженерлік желілеріне қызмет көрсетілудің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады.
- Біздің қызмет жалпыүйішілік инженерлік желілеріне сапалы қызмет көрсетуді ұсынады.  Алдымен үй тұрғындарымен шарт жасалады, орындалатын жұмыстар тізбесі түсіндіріледі. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінгі күні "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС бірқатар үйлерге ҮИЖҚК қызметін көрсетеді. Біз осы үйлерді қызмет көрсетуге алғаннан кейін, онда көптеген ақаулар жойылды. Айта кетерлігі, осы үйлердің тұрғындары бізге өзінің оң пікірлерін қалдырады – деді жиналғандарға  "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС инженері Расул Абай.

Компания маманы тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен жабдықтауының үйішілік инженерлік коммуникациясы арқылы жүргізілетінін атап өтті. Ал "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС өткізу компаниясы ретінде, осы инженерлік желілердің үйлердің жертөлелерінде сапалы пайдалануға берілуінде мүдделі. Әдетте, жалпыүйішілік коммуникациялардың өкінішті жай-күйі өзінің жарты ғасырлық межесін аттап өткен ескі үйлерде байқалады. Көп жағдайда осындай көпқабатты үйлердің инженерлік коммуникациялары иесіз қалады, себебі олардың жөндеуі қымбатқа түседі, ал ПИК әдетте, мұндай шығындарды мойнына алмайды. Дәл осы жалпыүйішілік коммуникацияларды тиісті күйінде ұстау үшін, компания оларды өз қызмет көрсетуіне алуға дайын.

"ҚарағандыЖылуСбыт" компания мамандары жиналыс барысында туындаған үй тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, адамдарды "ҚЖС" ЖШС орындайтын жұмыстардың көлемі, сондай-ақ ҮИЖҚК қызмет көрсету үшін ақы төлеу тәртібі қызықтырды.

- Біз бұл үйде көп жыл бойы тұрып келеміз. Жертөлені жөндеу қажеттілігі ол тағы да көп жыл қызмет көрсетуі үшін өте зор. Біздің құбырлар жөндеуді қажет етеді, бірақ бізде ПИК жоқ, ал жертөледе жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардан ешкім ақша жинау бойынша ынталарын білдірмейді және өз мойындарына жауапкершілікті алудан бас тартады. Оның үстіне бізге, тұрғындарға осы желілерді түсіну қиын, біз оның кәсіби ұйыммен жасалғанын қалаймыз. Егер біз сізбен ҮИЖҚК келісім-шартын жасасақ, қандай қызметтер орындалатын болады және бұл үшін біз қалай төлейтін боламыз? – деп үй тұрғыны Галина Степашина сұрады.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС инженері Расул Абай хабарлағандай, қажетті жұмыстардың көлемін түсіну үшін, компания мамандарымен нақты бір үйдің инженерлік желілері бойынша мұқият техникалық аудит өткізіледі, содан кейін есептеу негізінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

-Бірінші кезекте, біз үй бойынша толық тексеру өткіземіз, ақау тізімдемесін құрамыз. Желілердің белгілі бір учаскелерінің жөндеуіне немесе ауыстыруына талап етілетін материалдар мен жабдықтардың есептеуін жүргіземіз. Жөндеу жұмыстарына қажет болатын жалпы сома қалыптастырылатын болады. Үй тұрғындары келіскен жағдайда хаттамаға қол қояды, онда пәтер иелерінің 2/3 бөлігінің қолы қойылуы керек. Жұмсалған сома тең үлестермен барлық пәтерлерге бөлінеді және түбіртекте көрсетілетін болады – дейді компания маманы.

Жиналыс соңында тұрғындар "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлерімен өткізілген кездесу үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, әрбір тұрғынға әр пәтер бойынша ҮИЖҚК қызметі туралы толығырақ ақпарат көрсетілген парақшалар  табысталды. Алдағы уақытта бұл көпқабатты тұрғын үй "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС ҮИЖҚК қызметтерін көрсететін үйлердің тізімін толықтыруы жоспарлануда.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.