logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 24 Ақпан 2017 07:20

ОҚО-дағы «Оңтүстік Жарық» ЖШС қызмет көрсететін заңды тұлғалар саны 50% артқан

ОҚО-дағы  «Оңтүстік Жарық» ЖШС қызмет көрсететін заңды тұлғалар саны 50% артқан

Қазақстанда жыл сайын орта және шағын кәсіп саны артып келеді. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың қомақты екенін дәлелдейді. Соның бір мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында. «Оңтүстік Жарық» өткізу компаниясы аталған өңірді электр энергиясымен қамтып отыр. Оның қызметін пайдаланушылардың саны күннен-күнге артып барады. Олардың арасында кәсіпорындардың да үлесі аз емес. Егер 2012 жылы «Оңтүстік Жарық» ЖШС 11 мыңға жуық заңды тұлғаға қызмет көрсетсе, 2017 жылы 16 мыңнан асып жығылған. Бұл өсімнің 50% төңірегінде екенін дәлелдейді. Әрине, жеке тұлғалардың да саны артатыны сөзсіз. Егер 5 жыл бұрын компанияның 350 мыңға жуық тұтынушысы болса, қазір абоненттердің қарасы 393 мыңнан асық.

«Оңтүстік Жарық» ЖШС қазақстандық энергетика жүйесінің ажырамас бөлігі. Сауатты маркетингілік саясат пен сенімді серіктестердің арқасында қуатпен қамтудағы мақсаттарын жүзеге асырады. Компания өзінің стратегиясында тұтынушылар арасындағы ашықтық пен түсінісушілікке басымдық берген. Осының аясында барша тұтынушысын өз жаңалықтарымен құлақтандырып отырады.                         
«Оңтүстік Жарық» ЖШС өз тұтынушыларына көрсететін сервистік қызметтің деңгейін көтеруге де басымдық береді. Сол үшін де арнайы байланыс орталықтарын ашқан. Онда облыс тұрғындары жеке келісім-шарт түзу, техникалық қамтуға қатысты сұрақтар, тұтынылған электр қуатының есебін тексерту сияқты түрлі қызметтерді пайдалана алады. Аталған орталықтар барлық сауалдар бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді. Тіпті, телефон желісі арқылы да қол ұшын созуға дайын.

Бүгінде облыстағы тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау үшін аумақтарда 12 байланыс орталықтары жұмыс істейді. Олар - Арыс, Бәйдібек, Жетісай, Қазығұрт, Келес, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түркістан, Шардара елді мекендері.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.