logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 27 Ақпан 2017 11:08

«Караганда Энергоцентр» жшс-да Қазақстан Халқына мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына арналған отырыс өтті

«Караганда Энергоцентр» жшс-да Қазақстан Халқына мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына арналған отырыс өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы болған еді. Президент құжатта Алғашқы жаңғыруымыз КСРО тарағаннан кейін республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ болған. 90-шы жылдардың басында әлемнің картада болмаған жаңа мемлекеттің құрылғанын атап өтті, Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысу болды. Екінші жаңғыру Қазақстан-2030 стратегиясын қабылдаумен  және тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасын құрудан басталды. Екінші жаңғыртудың жетістігі әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы болды. Сәтті болған екі жаңғырту баға жетпес тәжірибе болғанын атап өтті, мемлекет басшысы. Қазіргі міндет - Үшінші жаңғыруды бастау. Оның негізі Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» болып табылады. Үшінші жаңғыру бес негізгі басымдықтан тұрады, отандық экономиканың орташа әлемдіктен жоғарылатуымыз және алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарында тұрақты жылжытуды қамтамасыз етуіміз керек. Негізінен ол келесі басымдықтар, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, түбегейлі жақсарту мен бизнес-ортаны арттыру, макроэкономикалық тұрақтылық, адам капиталының сапасын жақсарту, институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Басымдық деректеріне сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан  халқына Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстарды өткізуге арналған «Караганда Энергоцентр» ЖШС-да ҚР Энергетика министрінің электрэнергетика Департаменті директоры Бауыржан Сарсеновтің қатысуымен компания ұжымының отырысы болды.

Энергетика министрі өкілінің сөзі бойынша Қазақстан жаңа дәуірдің табалдырығында тұр. Жаңа технологиялар мен білімге негізделген жаңа тәсілдер қажет. Алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына ену үшін Қазақстанда барлығы бар – өңірлер мен салаларды дамытудың нақты бағдарламасы, адами әлеуеттің бар екенін атап өтті, Бауыржан Сарсенов.

Отырыс барысында индустрияландыру, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті қолдау бойынша шаралар, агроөнеркәсіптік кешен, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларының бағыты талқыланды.

Сондай-ақ, Энергетика министрінің электрэнергетика Департаментінің директоры Бауыржан Сарсенов Қарағанды ЖЭО-3 жұмысымен танысты, өндірістік объектілерді, оның ішінде өткен жылы пайдалануға берілген және станцияның энерготиімділігін 25%-ға арттыратын жаңа энергоблокта болды. Қосымша енгізу ескере отырып, қуаты Қарағанды ЖЭО-3 670 мегаватты құрайды.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.