logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 02 Наурыз 2017 11:06

Экология – ерекше бақылауда

Экология – ерекше бақылауда

«Караганда Энергоцентр» ЖШС техникалық мамандары ҚР Энергетика Министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары Алимбаев Азаматың Қарағанды қаласы жұртшылығымен кездесуіне қатысты. Энергетика министрлігі өкілінің қарағандылықтармен сұхбаты ҚОФ «Нұр Отан» партиясының конференц-залында өтті және Қазақстан  халқына Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелеріне арналды. Кездесу кезінде құжаттың экологиялық аспектісіне ерекше акцент жасалды. Жаңа курсты жүзеге асыру аясында кәсіпорындағы ақпараттандыруды дамытудың экологиялық саясаты ерекше назар аударылатын болды. Энергия өндіретін «Караганда Энергоцентр» компаниясы әрқашан экологиялық стандарттарын ұстанатынын атап өту керек.

Негізінен, Қарағанды ЖЭО-3-те жаңа газ анализаторлары орнатылған, ол көмірқышқыл газының құрамын және  басқа да көрсеткіштерін өлшеп отырады. Станцияның барлық қазандық агрегаттарында инвест бағдарлама аясында эмульгатор деп аталатын, күл ұстаушы қондырғылар орнатылған.

Сондай-ақ, Қарағанды ЖЭО-3-те 2016 жылдың мамыр айынан қуаты 110 мегаватт болатын жаңа энергоблок пайдалануға берілген. Жаңа энергоблок пайдалануға берілгелі станцияның энерготиімділігі 25%-ға артты. Жобада бірқатар конструктивтік, технологиялық оның ішінде экологиялық балансты сақтауға бағытталған шешімдер қарастырылған. Станцияда ең озық экологиялық стандарттарға сай,  қазіргі заманғы құрылғылар орнатылған.

ЖЭО-1-дің  барлық қазандықтарында жаңа күл ұстаушы қондырғылар монтаждалды. Оның көмегімен қондырғы арқылы өтетін түтінді тазалау 99,5%-ға дейін жетті. Оны өте жоғары көрсеткіш, деп атап өтті сарапшылар.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.