logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 06 Наурыз 2017 15:15

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС Call-орталығының әрбір операторы күн сайын 500-ге дейін қоңырау қабылдайды

«ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС Call-орталығының әрбір операторы күн сайын 500-ге дейін қоңырау қабылдайды

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС Call-орталығы төртінші жыл жұмыс істеп келеді. Бұл уақытта оның нөмірі бәлкім, әрбір қарағандылыққа белгілі болды. Бұл таң қаларлық емес, себебі Call-орталығына хабарласып, кез келген тұтынушы қызықтыратын кез-келген ақпаратты білуге болады. Әрбір ай сайын 98-00-00 нөміріне шамамен 30 мың адам қоңырау шалады. Осылайша, Call-орталығы үш операторының әрқайсысы күн сайын 500-ге дейін қоңырау қабылдайды.

Өтініштердің айтарлықтай саны абоненттердің жеке деректерін өзгеруімен,  сол немесе басқа мекен-жайы бойынша тіркелген тұрғындардың санымен, жылжымайтын мүлік объектісінің жылытылатын алаңымен, қажетті құжаттар тізбесімен байланысты. Тұтынушылармен сонымен бірге есепке алу құралдары туралы, ҮИЖҚК қызметі жөніндегі мәліметтер, коммуналдық қызметтер жайлы және "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС анықтамалық-ақпараттық учаскелерінің мекен-жайлары және телефондары сияқты ақпараттар сұралады.

Call-орталығы операторларының қызметі аз емес: олар тек телефон қоңырауларын ғана қабылдамайды, сондай-ақ абоненттер өтініші бойынша шот-түбіртектерін басып шығаруды жүзеге асырады, берешектің және жеке шоттың жоқтығы туралы анықтаманы береді, жеке кабинет үшін белсендіру кодын береді, есептеулер мен төлемді салыстырып, тексеруді жүргізеді. Сондай-ақ, олармен мәліметтер базасына өзгеріс енгізу үшін тұтынушылардан құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС Call-орталығына түсетін қоңырау шалулардың динамикасын талдай отырып, әрбір айдың 25-не дейін телефон қоңырауларының едәуір көп саны келіп түсетінін айту қажет. Содан кейін біраз бәсеңдеу байқалады, бірақ әр ай сайын қоңырау санының жалпы ұлғаю үрдісі байқалады. Бұл деректерді телефон арқылы беру ыңғайлылығымен және тұтынушылардың Call-орталығының жұмысы туралы мәлімділігімен байланысты.

Тұтынушылардың категориясы өте кең: егде жастағы адамдармен бірге, сондай-ақ жастар да өтініш жасайды.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.