logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 09 Наурыз 2017 12:22

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС өндірістік объектілерінде әріптес-әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС өндірістік объектілерінде әріптес-әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының ерлер ұжымы өздерінің әріптес-әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. «ҚКЖ» холдингінде мындаған әйелдер қызмет етеді және олар ерлермен бірдей, өздерінің учаскесінде жауапкершілікпен жұмыс істейді.

Олардың ішінде - турбина машинисті, ЖЭО крандары, отын беру машинистері, бақылаушылар, операторлар және ортақ іске  өздерінің жеке, баға жетпес үлестерін қосқан көптеген басқа да адамдар.

Энергетик-әйелдердің сіңірген еңбектерін белгілеу және 8 Наурыз қарсаңында құттықтау бұрыннан бергі жақсы дәстүр, әлеуметтік саясаттын ажырағысыз бөлігі және «Қазақстан коммуналдық жүйелері» құрылымына енетін барлық кәсіпорындардың корпоративтік мәдениеті болып табылады.

ЖЭО-ның шулы цехтарында жүздеген әйелдер еңбек етеді, олар өз әріптестері ер адамдармен бірдей, адамдардың үйіне жылу және жарық өндіреді. Соның ішінде Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те 350 әйел еңбек етеді.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС өткен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыста, энергия өндіруге әрекет еткен  барлық әйелдер, өздерінің мамандығын шын жүрекпен жақсы коретіндігі атап өтілді. Осыған дәлел көптеген энергетик-әйелдер ЖЭО-да ондаған жылдар бойы еңбек етуде.

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шаралар  «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына енетін басқа да кәсіпорындарында өтті.
Мысалы, «ҚарағандыЖылуСбыт»ЖШС қызметкерлері атап өткендей, ерлер әріптестері жыл сайын әйел-әріптестерін тамаша таң қалдырады. Әйелдер-энергетикада саласында еңбек етулері алғашқы жыл емес және өз жұмыстарын ең қажетті және жасампаз екенін ерлер ерекше атап өтті.

"Қарағанды Жарық" ЖШС әйелдер қауымын құттықтап өтті. Бұл мекемеде 600 ден астам әйел жұмыс істейді. Ерлер ізгі ниеттерін білдіре отырып, әйелдерге әйел бақыты мен мол бақыт тіледі.

Осындай мерекеде барлық әйел-энергетиктерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барлық жеке және ұжымдық бастамаларының жүзеге асуын, жалпы істе – адамдарға жылу мен жарық беруде сәттіліктер тіледі!

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.