logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сенбі, 11 Наурыз 2017 08:04

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр жүйелерінің ұзындығы 5 жылда 160 шақырымға жетті

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр жүйелерінің ұзындығы  5 жылда 160 шақырымға жетті

«Қазақстан коммуналды жүйелері» компаниялар Тобына қарасты  еншілес мекемелерінің өндірістік көрсеткіші жылдан-жылға сенімді өркендеп келеді. Бұл холдинг Стратегиясының сәтті жүзеге асырылып жатқанын айқындайды. Бұған Оңтүстікте электр энергиясын өткізіп-таратушы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жұмыс көрсеткіші дәлел.

Соңғы 5 жылда компанияға қарасты электр желісінің ұзындығы 160 шақырымға ұлғайып, жалпы көлемі 23 000 шақырымға жеткен. Бұл Астанадан сонау Нью-Йоркқа және кері қарай да жеткілікті болатын желі ұзындығын көрсетеді. Бүгінде компания қамтыған электр жүйелерінің жалпы аумағы 117 300 шаршы шақырымды құрайды. Бұл Болгария, Корея және Австрия мемлекеттері сияқты елдердің территориясына жете қабыл. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің электр жүйелері облысқа қарасты 4 қаланы қамтиды -  Шымкент, Түркістан, Арыс, Кентау және 11 аудан.

Бүгінде компания өз жүйелерін жаңғыртуға барынша кіріскен. Ауқымды жобаның бірі - ескі ағаш бағаналарды темір бетонды тіреуіштерге алмастыру. Айта кету керек, ескі бағаналар жарты ғасыр бойы қызмет көрсетіп келген еді. Қазір «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкенттен 260 шақырым қашықтықта орналасқан Мақтаарал ауданына бағаналарды тасымалдап жатыр. Бұған 4 арнайы тіркемесі бар  «КАМАЗ» жұмылдырылған. 2017 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында 4 АЭС-те электр тарату желілері бағаналарын ауыстыру көзделген. Олар - Атакент, Мырзакент, Асықата және Жетісай қаласы. Осының арқасында 1500-ге жуық бағана жаңаланбақ. Олардың көлемі әр-қилы - 11метрлік, 10,5 және 9,5 метрді құрайды. Бұл ауқымды жұмысты аяқтау  2017 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.