logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 17 Наурыз 2017 11:18

ҚЭҚ энергетиктер ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де жұмыс сапарымен болды

ҚЭҚ энергетиктер ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де жұмыс сапарымен болды

Қазақстан энергетиктер қауымдастығына қарасты энергетиктер ардагерлері Кеңесінің басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында өңірдегі ең ірі қуат таратушы мекемелердің бірі  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де болды. Айта кету керек, асқан тәжірибені ұрпақ санасына сіңіру компанияның күн тәртібінен түспейтін негізгі мақсаты.

Советхан Сейітқалиұлының энергетика саласында еңбек еткеніне 60 жылға таяп қалды. 1960 жылдан бері ол бар ғұмырын энергетикаға арнап келеді. Советхан Нұрпейісов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, кейіннен Қазақ ССР энергетика министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған. Тәуелсіздік алғаннан кейін де еңбегі энергетикамен ұштасты. Қазір 2008 жылдан бері 80 жастағы қария ҚЭҚ энергетиктер ардагерлері Кеңесін басқарады. Көп жылдық тәжірибесі мен білімін бүгінгі энергетиктердің санасына сіңіріп келеді.  

Советхан Нұрпейісов Оңтүстікке жасаған сапары барысында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры Мұрат Ибрагимовпен кездесті. Онда өңірдің энергетика саласының дамуы мен кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының орындалу жайы сөз болды. Игілікті кездесу барысында Кеңес төрағасы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жұмысына оң бағасын беріп, даму жолының жүйелі екенін атап өтті.  

Кездесу соңында Советхан Сейітқалиұлы «ОЖТ» ЖШС Бас директоры Мұрат Жұмашұлы Ибрагимовке арнайы сый жасап, «История энергетики Казахстана» атты авторлық кітабын тарту етті. Аталған кітапта отандық энергетика саласының кезең-кезеңі, яғни тарихи бастауы мен бүгінгі күнге дейінгі дамуы тәптіштеп жазылған.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.