logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сенбі, 18 Наурыз 2017 14:22

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының атынан Наурыз мейрамымен құттықтау

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының атынан Наурыз мейрамымен құттықтау

Құрметті отандастар!

Санаулы күндерден кейін бүкіл еліміз тәуелсіз Қазақстанның ең басты ұлттық мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамын атап өтетін болады. Жүздеген жыл бойы халқымыз көктемнің келуін, жылудың басталуын сонымен қатар, ұзаққа созылған қыстан кейін барлық тіршіліктің оянуы мен жаңғыруын тойлайды.

Наурыз мейрамын әділ түрде жасампаздық және күн мен түннің теңелу мерекесі деп атайды, өйткені ол табиғаттың жаңаруын, біздің елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт адамдар арасындағы келісім мен өзара түсіністікті бейнелейді. Бұл мереке ежелден жақсылыққа үміттенумен, жаңа жоспарлардың құрылуымен, ең ізгі тілектердің орындалуымен байланысты жарқын күн ретінде құрметтелгені кездейсоқ емес.

Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына және дініне қарамастан оларды біріктіретін мереке болып табылады. Адамдар арасындағы достықты нығайтуда, дәстүрлерді сақтауда оның рөлі зор.

Бұл тамаша көктем мерекесі достықты, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтсын! Әрбір көктемнің күні, әрбір нұрлы шуағы Сіздің үйіңізге бақыт пен береке сыйласын! "Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар тобы Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ізгілік пен бақыт тілейді! Көктем Сізді өз жылуымен қуанта берсін, ал Наурыз мейрамы әрбіріңізге тілектеріңіздің орындалуын және көзделген жоспарлардың сәтті жүзеге асырылуын сыйласын!

Ізгі тілекпен, "Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар тобы

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2022 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.