logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 24 Наурыз 2017 12:12

«Караганда Энергоцентр» ЖШС кәсіби оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады

«Караганда Энергоцентр» ЖШС кәсіби оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады

«Караганда Энергоцентр» ЖШС-да энергия өндіретін компанияларының және Қарағанды политехникалық колледжі жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында одан әрі жемісті ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Танымал политехникалық колледждің студенттеріне алда ұзақ кәсіби практика күтіп тұр, олардың көбісі Қарағанды ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те тәжірибеден өтеді.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС мен Қарағанды политехникалық колледжін көпжылдық бірлескен жұмыс байланыстырады. Міне 10 жылдың шамасында оқу орнының үздік студенттері компанияның өндірістік объектілерінде тәжірибеден өтеді және басқа да өзара іс-қимыл тетіктері бар.

Қазіргі заманғы білім беру мәселелері кәсіпорындар мен кәсіби оқу орындардың арасында тиімді әріптестік пен бірлескен ынтымақтастықты талап етеді. Осыған байланысты «Караганда Энергоцентр» ЖШС мен Қарағанды политехникалық колледжінің арасында дуалды оқыту туралы келісім-шарт жасалған. Құжат тығыз, нәтижелі ынтымақтастықты ұсынады. Жұмыстің негізгі бағыты білім берудің кәсіптік бағдарламаларын талдаумен, кадр тапшылығын анықтаумен, практикаға жұмыс орындарын ұсынумен, түлектерге сертификат берумен, кәсіпорындарға оқытушылар мен кәсіби оқытудың шеберлерін іс-тәжірибеден өтуі және әрі қарай үздік түлектердің жұмысқа орналасуымен байланысты. Осылардың аясында таныстыру, оқу, өндірістік, диплом алдындағы практикалар өткізіледі, ЖЭО-ға экскурсиялар ұйымдастырылады, колледждің қорытынды емтихандарына «Караганда Энергоцентр» ЖШС мамандары қатысады.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС бас директоры атап өткендей, Политехникалық колледжінің жыл сайын үздік 30-дан артық студенті ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те өндірістік практикан өтеді, компания басшылығы болашақ энергетиктерді жоғары бағалап отыр. ЖЭО-дағы жұмыс жоғары жауапкершілікті қажет етеді, таңдалған мамандық болашақ мамандардан үнемі тұрақты назар, міндеттеме және қажырлы еңбек талап етеді.

Негізінен, колледж студенттері жоғарғы тоеориялық және практикалық дайындығының жоғарғы деңгейімен, тәртіптілігі және жауапкершілігімен ерекшеленеді, сондықтан көпшілігіне колледжді аяқтаған соң ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 жұмысқа орнасуға ұсыныстар алып, жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.