logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 27 Наурыз 2017 17:14

Отандық және шетелдік энергетиктер Министрлік Конференциясы және «Энергетиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету» атты сегізінші Халықаралық форумға дайындалуда

Отандық және шетелдік энергетиктер Министрлік Конференциясы және «Энергетиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету» атты сегізінші Халықаралық форумға дайындалуда

Қазақстан Республикасының үкіметі БҰҰ 5 өңірлік комиссиясымен бірлесіп (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭСКЗА, ЭКА, ЭКЛАК), 2017 жылдың 11 – 14 маусымында Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған "Болашақ энергиясы" ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Министрлік Конференциясы және «Энергетиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету» атты сегізінші Халықаралық форумы өткізіледі.

Конференция және Форумның бағдарламасы Халықаралық Энергетикалық Агенттігімен (IEA), энергия көздерін жаңарту бойынша Халықаралық агенттігімен (IRENA), Энергетикалық Хартия Хатшылығымен, Дүниежүзілік Банкпен және басқа да жетекші сараптама орталықтарымен бірлескен іс-шараларды өткізуді қарастырады.

Конференция және Форум жұмысына қатысуды Энергетикалық Одақ сұрақтары бойынша Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Марош Шефчович, Энергетикалық Хартияның Бас Хатшысы Урбан Руснак, БҰҰ Бас Хатшысының Арнайы Өкілі –"Барлығына арналған Тұрақты Энергетика" бастамасы бойынша Бас Директоры Рейчел Кайт және басқа да беделді сарапшылар растады.

Сондай-ақ, 8-9 қыркүйекте көрменің ресми жабылуының алдында KAZENERGY  Қауымдастығы «Болашақтың энергиясын қалыптастыру» KAZENERGY ХІ Еуразиялық форумын өткізеді. Көптеген жылдар ішінде KAZENERGY Еуразиялық форумы энергетикалық өнеркәсіп пен мұнай-газ саласының кәсіпорындарын біріктіретін беделді және ықпалды диалог алаңына айналды.

Аталған іс-шара Қазақстанның энергетикалық саласындағы ірі іс-шара болып табылады және дәстүрлі түрде салалық министрліктер өкілдерін, жетекші энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда өзіне өңірлік және халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығын тартады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.