logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017 12:15

«Караганда Энергоцентр» компаниясы Қарағанды қаласының Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Караганда Энергоцентр» компаниясы Қарағанды қаласының Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Караганда Энергоцентр»  ЖШС 31 наурызда облыстық орталықтың 345 кәсіпорнын ішіндегі қалалық шара Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл жұмыс іздегендер мен жаңа кадрды қажет ететін диалог алаңы болып отыр. Жәрмеңке Нүркен Әбдіров отындағы Спорт сарайында өтті, қарағандылықтар қаланың ірі ұйымдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен таныса алды.

Өткен жұмада дәстүрлі түрде қалалық Бос орындар жәрмеңкесінде «Караганда Энергоцентр» ЖШС негізгі жұмыс берушілердің бірі болды. Ірі энергия өндіретін кәсіпорын сегіз мамандық бойынша он бестен артық бос орындар ұсынды. Жәрмеңкеде компания бұрышына алпыстан артық жұмыс іздеушілер келді, оларды жұмысқа қабылдау, лауазымдық нұсқаулық, жұмыс тәртібі, жалақы көлемі, әлеуметтік төлемнің мазмұны қызықтырды. Көбісі түйіндемелерін компания өкілдерінің қарауына қалдырып кетті. Компания кәсіби, білікті мамандарды тартуға мүдделі. Кадр саясаты білімді, нақты нәтиже шығара алатын қызметкерді таңдап алуға бағытталған, және «Караганда Энергоцентр» ЖШС жұмысының басымдық беретін бағыты болып табылады.

«Біздің кәсіпорын жыл сайын осындай шараларға қатысып отырады. Бүгінде ЖЭО жұмысына қызығушылық тудырып отырғандар көп, көптеген адамдар келіп, түйіндемелерін қалдырып жатты, жұмысқа қабылдау шарттарын сұрастырды. Біздің кәсіпорынға жұмыс істеуге келетін әлеуетті үміткерлерден кәсіби білімі мен энергия тасымалдайтын кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесіне аса көңіл бөлінеді. ЖЭО-ның жұмысы ірі энергия құралдарымен байланысты, және адами фактор ерекше рөл атқарады. ЖЭО қызметкері жеке және жедел жауапты шешім қабылдай алулары керек. Біліктілігі төмен, жұмысқа жылдам үйреніп кете алмайтын, ұйымдастыру шараларының толық курсынан өтпеген адам, мұндай шешімдерді қабылдай алмайды»,- деп айтты, «Караганда Энергоцентр» компания маманы Сабира Алина.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС – Қарағанды қаласының кәсіпорындар мен тұрғындарына электр және жылу энергиясын негізгі өндіруші болып табылады. Компанияның басты міндеті – тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады. Энергокешен құрамына: жергілікті маңызы бар станция  - Қарағанды ЖЭО-1 және аймақтық маңызы бар станция - Қарағанды ЖЭО-3. Қазіргі уақытта 1300-ден артық адам еңбектенуде.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.