logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 15:40

"ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы заңды тұлғаларға тарифті төмендетті

"ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы заңды тұлғаларға тарифті төмендетті

Энергиямен жабдықтаушы ұйым заңды тұлғалар үшін тарифті төмендетуге өтінім жасағанын қарағандылық кәсіпкерлер бірден білді. Бұл үшін табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаментінің өкілі Дидар Балташев және "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС директоры Рустам Ахметов Одақтар үйінде көпшілік тыңдауын өткізді.

Заңды тұлғалар тұрмыстық тұтынушылармен салыстырғанда 1 киловатт/сағат үшін дәстүрлі түрде көп төлейді. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммерциялық компаниялар мен жеке тұлғалар, қала тұрғындары арасындағы айырмашылық әрбіріне түсінікті.

– Орташа босату бағасының өсуі 2016 жыл және 2013 жылмен салыстырғанда кВт*сағ үшін 3,05 теңгені құрады. Бұл ретте заңды тұлғалар үшін баға 6 теңгеге, ал тұрмыстық тұтынушылар үшін сол кВт*сағ үшін барлығы 1,65 теңгеге өсті, – деді "ҚарағандыЖылуСбыт" басшысы Рустам Ахметов.

Нәтижесінде, 750 кВА жоғары тұтынатын заңды тұлғалар үшін электр энергиясының бірлік бағасы бұдан былай 17,51 теңгені құрайды, ол бұрынғы бағасынан 0,54 теңгеге төмен. Тұтыну көлемі 0-ден 750 кВА дейінгі заңды тұлғалар үшін 1 сәуірден бастап босатылу бағасы 20,98 теңге, яғни ол 0,64 теңгеге төмен. Жаңа тариф бойынша өтінімді табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Департаменті қазірдің өзінде бекітті. Бүгінгі таңда "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС абоненттері ішінде 4 800-ден астамы заңды тұлғалар.  

Заңды тұлғалар үшін электр энергиясы бойынша баға жүктемесінің төмендеуі "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС үшін жалғыз жаңалық болып табылмайды.

– Біздің бастамамыз – ПИК, саяжайлық қоғам, лифтілер, ортақ пайдалану орындарын көрсетілген құрамнан бөлек шығару – деді қарағандылықтарға Рустам Булатович. – Саяжайлық және бау-бақша қоғамдары өздерін тұрмыстық тұрғындар деп санайды  және сол уақытта заңды тұлғалар болып табылады және ПИК тұрмыстық тұрғындар сияқты тұтынуға тиіспіз дейді, ал меншік нысаны басқа. Бірақ олар тікелей коммерциялық қызметпен айналысады ғой. Бұл тұрмыстық тұтынуға жатпайды – себебі, олар қандай да бір пайда алып отыр және кіріс бөлігі бар.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС компанияның жұмысында өз абоненттерімен әрқашан жариялылығы мен ашықтығы, бірінші кезекте оның тарифтік саясатта басым болғанын атап өтеді. Энергиямен жабдықтаушы ұйым сындарлы диалогқа және өз тұтынушылары тарапынан болған бастамаларды қарауға әрқашан дайын.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.