logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 07 Сәуір 2017 15:44

Қарағандылықтар «Караганда Энергоцентр» ЖШС –ның жұмысына жоғары баға берді.

Қарағандылықтар «Караганда Энергоцентр» ЖШС –ның жұмысына жоғары баға берді.

Жыл сайын «Караганда Энергоцентр» ЖШС тұтынушылар алдына жылу энергиясы бойынша тарифтың орындалуы туралы есеп береді. Бұл кездесулердің басты мақсаты – энергия өндіруші компания мен тұтынушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, «Караганда Энергоцентр» ЖШС жұмысының ең басты басымдығы - қызметің ашықтығы.
Компания басшыларымен қарағандылықтардың кезекті кездесуі Одақтар үйінде өтті. Ең басты қаржылық-экономикалық және техникалық көрсеткіштер туралы жиналғандарға «Караганда Энергоцентр» ЖШС-ның
Бас директоры Абишев Мәди Уақасұлы баяндады.
Өндірісте жұмыс жүргізу біріктірілген типтағы екі жылу электр орталығымен жүзеге асады, ол Қарағанды ЖЭО-1 және аймақтық маңызы бар Қарағанды ЖЭО-3. Жыл сайын ЖЭО-1 және ЖЭО-3 үш миллионнан астам гигакалорий өндіреді.

Бұл республика бойынша жалпы өндірудің 3,5 пайызын құрайды,- деп атап өтті компания басшысы. 2014 жылдың 1 қазанынан 1479,42 тенге/Гкал көлемінде тариф белгіленген. Толық өндірілген жылу энергиясы іс жүзінде тұтынушылардың жылу желісіне жіберілді. Станция өз қажетіне өндірілген энергияның аз бөлігін тұтынған.
Компания басшысы станцияларда 2016/2017жж. жылыту маусымына дайындық туралы 2016 жылы жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы жан-жақты баяндады. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысында, жылумен қамтамасыз ету жабдықтарында көлемі көп жұмыстар жүргізілді.

Одан басқа, ЖЭО қайта құру және жаңарту іс- шаралары жүргізілді.
2016 жылдың мамыр айында Қарағанды ЖЭО-3 электр қуаттылығы 110 МВт және жылу қуаттылығ 170 Гкал/сағ. жаңа энергоблок пайдалануға берілді. Энергоблок дәл осы заманғы энергетикалық жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, жобада экология саласында жақсы көрсеткіштер бар, ол толық қабылданған әлемдік стандарттарға сай келеді. Жобаның құны 185 млн. АҚШ долларын  құрайды.
Осылайша, ауқымды жобаның іске асуы станцияға жылу және электр энергиясын төртен бір бөлігіне арттық өндірді.

Аймақтың экономикасының өркендеуіне бұл оқиға жаңа шабыт берді.
Станцияның қуатының көбеюі Қарағанды өңірінде жаңа энергия жұмсайтын өндірістерді орналастыруға мүмкүндік туғызды. Қосымша энергетикалық көмекті кіші және орта бизнес өкідері алды. Қосымша қуаттарды іске қосумен  Қарағанды ЖЭО-3 қуаттылығын 670 МВт арттырды. Бүгінгі күні бұл республиканың үлкен ЖЭО. «Караганда Энергоцентр» ЖШС Мәди Әбішевтің кәсіпорының 2016 жылғы жұмысы туралы баяндамасынан кейін, қатысқандар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоюға және тілектерін айтуларына мүмкіндік берілді.

Мен осы қаланық көне тұрғынымын, бұл қалада өмір бойы тұрамын, ЖЭО-ның  қалай салынғаны әлі есімде. Сіздер жақсы білесіздер, біздің Қарағандыда қатты аяздар болатын, қыстың  ұзақтығына қарамастан, біздің үйіміз жылы, батереяларымыз ыстықтығы 30  градусқа дейін барады. Жарық пен жылу үздіксіз, менің кішкентай немерелерім бар, сондықтан ол өте маңызды. ЖЭО жұмыскерлеріне олардың қиын жұмыстарына сәттілік тілей отырып, «Караганда Энергоцентр» ЖШС жетекшісіне алғысын білдірді, - қала тұрғыны, зейнеткер Любовь Остапенко.

Есеп беруге қатысқан энергетиктердің Ардагерлер кеңесінің аймақтық өкілдері мен тұтынушылары энергия өндіретін компанияның қызметіне жоғары баға беріп, «Караганда Энергоцентр» ЖШС жетекшісінің баяндамасына қанағаттарлықтарын білдірді. Қарағанды облысы энергетиктердің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Литвинов энергетиктердің жұмысының өндірістік көрсеткіштерін ерекше атап өтіп, ЖЭО жұмыскерелріне барлық ойлаған жоспарларының жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Қазіргі уақытта «Караганда Энергоцентр» ЖШС жаңа жылыту маусымына ЖЭО дайындығы бойынша алдағы жөндеу компанияларына белсенді дайындығын бастап кетті. Шанаңды жаз дайында, арбаңды қыс дайында деген, сөз бар.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.