logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 13:28

ОҚО-да «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС еншілес компаниялары арасында шағын футболдан турнир өтті

ОҚО-да «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС еншілес компаниялары арасында шағын футболдан турнир өтті

«Қазақстан коммуналды жүйелері» компаниялар Тобының қызметкерлері тек тындырымды еңбегімен ғана емес, бос уақытында салауатты өмір салтын ұстанатынымен көзге түсті. Жуырда Шымкеттегі «Ордабасы» футбол клубының стадионында шағын футболдан іріктеу ойыны өтті. Бұл 9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орайластырылды. Онда «Оңтүстік Жарық Транзит», «Оңтүстік Жарық» және «Энергопоток» ЖШС құралған 11 команда бақ сынады. Олардың арасында Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы және Сайрам командалары да бар. Ойынға бас болуға облыстық Спорт басқармасынан төрешілер арнайы алдырылды.

Турнир нәтижесінде «Оңтүстік Жарық» ЖШС жеңіске жетті. Екінші орын «Энергопоток» ЖШС командасына бұйырды. Үшінші орынға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС табан тіреді. Ал аудандар арасында алғашқы орынды Сайрам командасы қанжығасына байлады. Келесі іріктеу кезеңінде Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Абай-Келес өлкесі өнер көрсетеді. Бұдан соң Түркістан, Кентау, Созақ және Бәйдібек аудандары 28 сәуір күні бақ сынасады. Шешуші ақтық ойын 5-мамырға жоспарланып отыр.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.