logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017 12:06

«Қарағанды Энергоцентр» ЖШС: Жылыту маусымы ойдағыдай аяқталды!

«Қарағанды Энергоцентр»  ЖШС: Жылыту маусымы ойдағыдай аяқталды!

Кеше, 25 сәуір Қарағандыда жылыту маусымы аяқталды.  Қарағанды  -ЖЭО-3 және ЖЭО-1 ұзақ қыс бойы қалалықтарды ыстық батареямен сенімді  қамтамасыз етті.  Сәуір айының басында «Қарағанды Энергоцентр»  ЖШС басшыларының халық алдындағы есеп беру отырысында, тұтынушылардың өздері айтқандай, қарағандылықтардың пәтерлері ең ауыр аяздарда да жылы болды. Белгілі болғандай энергетиктердің жұмысы – өте ауыр, жылыту маусымы кезінде одан әрі артатын, күнделікті жауапкершілікпен байланысты. Бірақ оның аяқталуы демалыс үшін мүлдем себеп болмайды. Керісінше, жылыту маусымы аяқтала, ағымдағы жөндеу жұмыстар уақыты басталады. Энергетиктер осы жылыту маусымын аяқтап, келесі жылыту маусымына дайындықты бастайды.

Қазір «Қарағанды Энергоцентр»  ЖШС  мамандары, мүмкін ақауларды табу және оларды  жою үшін қондырғыларда және жылу желілерінде қысым және температураны жоғарлатып, гидравликалық және жылу сынақтарына дайындалуда.
«Қарағанды Энергоцентр»  ЖШС-нің  жөндеу жұмыстарын дайындау және өткізу Басқармасының жетекшісі Мухтар Сулейменов айтқандай,  2017 жылдың жөндеу науқанына, осы жылы үш жарым миллиард тенге жұмсалады.

– Ағымдағы жөдеуді екі ЖЭО-дағы барлық қазандықтар мен турбиналар күтіп тұрғанын атап өтті - Мұхтар Сапаргалиұлы. – Ауқымдысы – алтыншы қазандықтын күрделі жөндеуін  мамандандырылған мердігер ұйым  жүргізеді. Онда 90% қыздыру  беттері  жаппай ауыстырылады.

Екі ЖЭО қондырғыларының эксплуатациясына қатысты барлығы автоматтандырылған. Жұмыс кестесін  қатаң сақтау, өндірістік ресурстарды қатаң бақылау, қажетті агрегаттарды уақытылы ауыстыру – осылардың барлығын күнделікті тәртіпте ондаған білікті маман қадағалайды.

Өткен жылы Қарағанды 3-ЖЭО жаңа энергоблок іске қосылған. Ол ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін жоғары технологиялық, заманауи қондырғылармен  жабдықталған.
Бұл ұзақ мерзімді жоба болды – жаңа қазандыққа арнайы,  көмір беруді сағатына 330 тоннадан 550 тоннаға арттыру үшін, он конвейердағы отын жолын кеңіне ауыстырды. Химиялық цехты да ауыстырды. Нәтижесінде жаңа энергоблок станция қуаттылығын 110МВт арттырды.

Біз үшін бастысы – екі ЖЭО барлық қондырғылардың тиімді жұмысы және  агрегат ресурстарының ұзақтығы – жоспарлары мен тапсырмаларын энергетик атады. Барлығы кестеге сай: екі станцияда да негізгі және қосымша қондырғылардың жөндеуі өз күшімізбен, мердігерлік әдіспен жүргізілуде.

Тағы бір ауқымды жоба - ЖЭО-3 күл шығару. Онда үш секциясы бар, күлді  ЖЭО–нан  пульпа өткізгіш бойынша   бірінші және екіншісіне бағыттайды. Ал үшіншісін өсіреді – саздан  және басқа да материалдардан  қабырғалар жасайды. Жоба 3-4 жылға есептелген. Саздың өзі  миллион текше метрден артық қажет. Ал күні кеше аяқталған маусымды қарағандылық жылу орталықтары 2015-2016 жылдарға қарағанда жақсы жұмыс істеді. Бірақ қыс айтарлықтай суық болды.

«Қарағанды Энергоцентр»  ЖШС-нің Өндірістік бөлімнің бастығы Дамир Тукушев айтқандай, жалпы осы маусым былтырғыға қарағанда суық болды. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың  қазан, қараша, желтоқсан айларында сыртқы ауа температурасы орта есеппен 4,2 оС, 6 оС және 2,7 оС төмен болды. Сондай-ақ , 2017 жылдың ақпан  және наурыз айларында 2016 жылға қарағанды 4,7 оС және 5,9 оС төмен болды.

Қала тұрғындарының жылуға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін энергетиктер тұтынушыларға білдірместен қамтамасыз етті. Сондықтан, көптеген тұтынушылар өткен қысты жылы деп есептейді. ЖЭО гигакалорий көп өндірді, көмірді де көп тұтынды. Жаңадан қосылған энергоблоктың есебінен орташа электр жүктемесі едәуір өсті. Мазутты керісінше үнемдедік.

Мазут негізінде қазанды жағуға пайдаланылады, ал олар қазанды резервтен шығарған жағдайда болады. Ал ондай жағдайлар өткен жылға қарағанда осы жылыту маусымында аз болды деп, түсіндірді Дамир Туткушев. – Бұл жерде түсіндіріп өтейін, қазандар арасындағы ондай ауыстырулар жылу және электр энергиясын өндіруге әсер етпейді, және тұтынушы оны сезбейді. Бірақ біз үнемі жұмыс істеуіміз керек: негізгі және қосалқы жабдықтардың дұрыс және ең бастысы сенімді жұмыс істеуіне бақылау жүргізіп, сапалы жөндеу жұмыстарын өткізу.

Резерв әрине әрқашан бар, бірақ оны мүмкіндігінше өте сирек пайдаланғымыз келеді.
Тұтынушыға кез келген ауа райында қолайлы болу үшін «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС менеджерлері өз жұмыстарында ең алдыңғы технологияларды қолданады. Келесі жылыту маусымына дайындалу аясында қойылған міндеттер өте көп күтіп тұр. Жұмыс істеу кестесі турасын айтқанда күнделікті жазылған. Энергетиктердің айтуынша, оларға бір минутке да босансуға болмайды, өйткені олардың жұмысына тұтынушылар баға береді.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.