logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сенбі, 08 Сәуір 2017 15:12

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО станцияларын сатып алды

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО станцияларын сатып алды

AES (NYSE: AES) корпорациясы мен «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС (ҚКЖ) AES иелігіндегі Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО станцияларын ҚКЖ компаниясына сату жөніндегі мәмілеге қол қойғандары туралы хабарлады. Бұл мәміле Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен мақұлданды.

Белгіленген электр қуаттылығы 372,5 МВт және жылу қуаттылығы 881,7 Гкал/сағ құрайтын Өскемен жылу электр орталығы Шығыс Қазақстандағы ірі электр энергия өндірушісі болып табылады. Станцияда 552 адам қызмет етеді. Сондай-ақ станция ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды және қаланың тұрғын-коммуналдық секторы жүктемесінің 80% қамтиды. 2016 жылғы қараша айында қуаттылығы 120 МВт құрайтын №12 жаңа турбиналық агрегат пайдалануға енгізілді. Бұл инвестициялық жоба Қазақстанның электр энергетикалық секторында ірі жобалардың бірі бола тұрып, Шығыс Қазақстандағы энергия тапшылығын қысқартуға үлесін қосып станцияның өндірісін ұлғайтып қана қоймай, сенімділік пен тиімділікті арттыруға да зор ықпалын тигізді.

Согра ЖЭО Жаңа Согра, Радужный, Солнечный кенттерінің 4000 мыңға жуық тұтынушысын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, Согра ЖЭО Өскемен қаласының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылу энергиясымен және жергілікті аймақтың тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтайды. Станцияда 223 астам жоғары білікті жергілікті мамандар қызмет етеді.

Сонымен, бүгінгі таңда «ҚКЖ» тобы Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында және Шығыс Қазақстан облысында қызмет етеді.  
Компания энергетика саласында мемлекеттің саясатына сай келетін жеке Даму стратегиясын әзірлейді және жүзеге асырады. Қолдағы активтерді жаңалау, жаңа электр желілерін салу, өндіретін және тасымалдайтын қуаттылықты кеңейту, сонымен қатар, сату компанияларының тұтынушыларға бейімделуі «ҚКЖ» тобының негізгі даму факторлары болып табылады.

«ҚКЖ» ЖШС-нің электр- және жылу өндірісінің дивизионына, Өскемендегі жаңа активтерді санамағанда, Қарағанды қаласының екі жылу электр орталығы кіреді – ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Өткен жылы инвестициялық бағдарламаның аясында Қарағанды ЖЭО-3 кәсіпорнында электр және жылу энергиясын төрттен бір бөлігіне артық өндіруге мүмкіндік туғызған жаңа энергоблок іске қосылды. Бұл оқиға бүкіл аймақтың экономикасын дамытуға үлесін қосқан жаңа күш болды.

Станция қуаттылығының ұлғаюы Қарағанды аймағында жаңа энергия сыйымды өндірістерді дамытуға мүмкіншілік туғызды. Орта және шағын бизнес қосымша энергетикалық қолдауға ие болды. Қосымша енгізу арқылы Қарағанды ЖЭО-3 670 МВт қуаттылығына қол жеткізді. Бүгінгі таңда бұл республикадағы ірі жылу электр орталығы.                     

«ҚКЖ» тобы өзінің басымдылығы ретінде өндірістік нысандарында инновациялық шешімдерді және ғылыми, жаңашылдық әдістерді ендіруді, энергетикалық шығыстарды оңтайландыруды белгілейді.

Бұл «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясының тобына кіретін барлық еншілес кәсіпорындарына да қатысты.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.