logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:07

Қарағандылық кәсіпкерлер "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС заңды тұлғаларға тарифтердің төмендегені үшін алғыстарын білдіреді

Қарағандылық кәсіпкерлер "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС заңды тұлғаларға тарифтердің төмендегені үшін алғыстарын білдіреді

"ҚарағандыЖылуСбыт" компания басшылығы қала тұрғындарын жылумен жабдықтау туралы толығымен баяндалған тұрғындар алдында есептік жиналыс өткізді. Одақтар үйінің залы тұтынушылармен толды. Бей-жай емес қарағандылықтар өз қаласындағы энергияны өткізу компаниясының алдағы міндеттері мен перспективалық жоспарларын тыңдау үшін келді.
Жиналыстың мақсаттары мен күн тәртібі жарияланғаннан кейін "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС директоры Рустам Ахметов есеп берді. Ол өз сөзінде жылу энергиясын өткізу нарығы туралы ақпаратты мәлімдеді және жылумен қамтамасыз етуде көрсетілетін қызметтер құрылымын сипаттады.

- Бүгінгі таңда жылумен жабдықтау қызметі тұтынушыларының жалпы саны -150 083 бірлікті, оның ішінде: 147 119 – бұл тұрмыстық тұтынушылар, 2 964 бірлікті– заңды тұлғалар құрайды. Егер жылу энергиясын жүзеге асыру көлемі туралы айтсақ, онда 2016 жылда  тұтынушыларға 2 256 575 Гкал жылу энергиясы сатылды, оның ішінде тұрмыстық тұтынушыларға
– 1 754 989 Гкал, заңды тұлғаларға – 501 586 Гкал жүзеге асырылды, - деді компания басшысы.
Рустам Ахметовтың айтуынша, жылумен жабдықтау қызметтеріне қолданыстағы тариф 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданысқа енгізумен, ҚҚС-сыз гигакалория үшін 75,88 теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген. Жалпы жылумен жабдықтау тарифі Гкал үшін ҚҚС-сыз 3 656,43 теңге, оның ішінде жеке тұлғалар үшін Гкал үшін ҚҚС-сыз 2 914,39 теңге, басқа тұтынушылар үшін – Гкал үшін ҚҚС-сыз 6 499,10 теңгені құрайды.

Есеп беру барысында "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС директоры Рустам Ахметов қатысушыларға табиғи монополия субъектісінің 2016 жылға жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы хабарлады. Сондай-ақ, ол тарифтік сметаның толық көлемде орындалғаны туралы мәлімдеді.    

Директор баяндамасын тыңдау соңында Қарағанды қаласының ардагерлер Кеңесінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, сондай-ақ қызмет тұтынушыларымен сұрақтар қойылды.

Алғашқылардың бірі болып шағын және орта бизнес өкілдері сөз алды. Кәсіпкерлер "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС заңды тұлғалар үшін тарифті төмендету шешіміне алғыстарын білдірді.

- "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС биылғы жылы электрмен жабдықтау бойынша тарифті төмендетіп -  заңды тұлғаларға сыйлық жасаған жалғыз мекеме. Бұл біз үшін үлкен мереке және ол үшін сізге үлкен рахмет, – деп Еуразиялық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Жомарт Алдоңғаров алғыс білдірді.

- Монополиялық сала бөлігінде жылу энергиясымен жабдықтау тарифтері 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізумен 2020 жж. 31 желтоқсанға дейін ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген. Ал электр энергиясы тарифтеріне қатысты, биылғы жылы біз бірінші рет заңды тұлғаларға тарифтерді төмендеттік. Бұл үрдіс жеке және заңды тұлғалар үшін тарифтері арасындағы айырмашылықты қысқартуға мүмкіндік береді, - деп "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС директоры Рустам Ахметов атап өтті.

Қазіргі уақытта кәсіпорынмен оның даму келешегі бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС 3-ші бағытта дамитын болады:
1. Инженерлік желілерге қызмет көрсету, оның ішінде жылу энергиясын есепке алу аспаптарына қызмет көрсету бойынша қызметті дамыту және оны одан әрі кеңейту.
2. "Тұтынушының жеке кабинеті" интернет-қызметтерін дамыту және алға бастыру, оның функцияларының кең спектрін қалыптастыру.
3. Ішкі коммуникацияны дамыту арқылы тұтынушымен кері байланысты жетілдіру.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС аталған іс-шаралары өз тұтынушыларын одан әрі үздіксіз жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қатар, өткізу компаниясының дәстүрлі басымдылығы абоненттерге сапалы қызмет көрсету мен сервистік қызмет көрсетуді тұрақты жетілдіру болып саналады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.