logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 10:15

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының жалауы Еуропаның ең биік нүктесінен желбіреді

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының жалауы Еуропаның ең биік нүктесінен желбіреді

2017 жылғы 5 мамыр күні «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директорының кеңесшісі Сұлтан Аханов альпинисттердің құрамында еуропа континентінің ең биік нүктесі – Эльбрус тауына шықты. 5 642 метрді артқа тастап, биіктікті бағындырған соң, «ҚКЖ» өкілі «Қазақстан коммуналдық жүйелері» деген логотипі бар туды әлемдегі ең танымал таудың ұшар басына орнатты.

Ресей мен Еуропаның ең биік тау шыңы – Эльбрус – Үлкен Кавказдың Бүйірлі жотасында, Басты Кавказ жотасынан 10 шақырым солтүстікке қарай Кабардино-Балкария және Карачаево-Черкесия республикаларының шекарасында орналасқан. Орталары жазық белмен жалғасып жатқан (Эльбрустың жазық асуы, 5416 м) Шығыс (5621м) және Батыс (5642м)  шыңдары айқын көрінетін жанартау тектес таулы массив негізінің диаметрі 15 шақырымды құрайды.  Шыңдар арасындағы қашықтық  1500 метр.

Биікке көтерілу 5 күнге созылды, мақсатқа жету жолында альпинисттер күрделі бағдарды еңсеріп отыруға міндетті болды, өйткені шыңға шығу денсаулықтың күш-қуатын талап етеді, оттектің жетіспеушілігін ескеретін болсақ бұл қашықтықты тек қана ерік-жігері мықты, өз күшін сынағысы келген табанды жандар ғана еңсере алады. Әлемнің басқа таулы шыңдарындағы сияқты Эльбрустың климаты да ауа райының кенет өзгергіштігімен ерекшеленеді. Метеорологиялық көрсеткіштер жедел өзгеріп, бұлттар лезде бағыт-бағдардың бәрін жауып тастауы мүмкін. Оған қоса, Эльбрустың шыңында мамыр айына қарамастан қазірдің өзінде -30°C, таулы жерлерге тән желдерді есепке алғанда, мұндай жайсыз жағдайларда адамның болуының өзі қауіпті болып саналады.

«Эльбрус - ұзақтығы 10 жылға, биіктігі 5642 метрге созылған арман.  Сонау 2007 жылдан бастап биіктігіне шықсам деген бір арманым болды. Содан бері міне 10 жыл өтті, мен Еуропаның ең биік нүктесінің ұшар басында тұрмын. 5 мамыр күні сағат 05:00-де 5 100 метр биіктікте кавказ тауының үстіндегі ең сұлу таңның шапағын қарсы алдық. Біраз биікке көтеріле бастағанда күн суыта бастады, -30°C, биіктеген сайын тыныс алуымыз қиындады. Біз мұздықтың үстімен асықпай, бірқалыпты жүре отырып сағат 10:30 таяу шыңның биіктігінде тұрдық. Шыңның ұшар басында көргенімді ешқашан ұмытпаймын. Әлемнің мұндай сұлулығы мен үйлесімділігін ұмыту оңай емес және көрген бейненің жаһандылығын ешқандай да  фотоаппараттың линзасы жеткізе алмайды. Мен бұның бәрін өз көзіммен көріп қайран қалдым...»-дейді өзінің биіктікті бағындырған әңгімесінде Сұлтан Аханов.

Бұл аталмыш оқиғаның мағынасы терең және компания ұжымы үшін маңызы зор. Еуропаның ең биік нүктесінде желбіреген «ҚКЖ» жалауы «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» тобының жетістігі мен дамуының бейнесі іспеттес.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.