logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2016 12:14

«Қарағанды Жарық» компаниясының командасы Алматы облысында өткен Республикалық кәсіби жарыста үздік үштікке енді

«Қарағанды Жарық» компаниясының командасы Алматы облысында өткен Республикалық кәсіби жарыста үздік үштікке енді

Жуырда Алматы облысында электр жүйелерін жедел түрде жөндеумен айналысатын бригадалар арасында жыл сайынғы Республикалық кәсіби жарыс өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша «Қарағанды Жарық» компаниясының командасы кезекті рет өз шеберлігін дәлелдеп, екінші орынды қанжығасына байлады. Сөйтіп, алғашқы үштіктен көрінді. Жарыс 2016 жылдың 12 және 16 қыркүйек аралығында Қарасай АЭС-на қарасты оқу-жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен энергетика саласындағы кіл мықты деген 9 команда қатысты.

Сынақ 7 кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы техникалық қауіпсіздік бойынша білімін тексеріп, емтихан тапсыру. Екіншісі, кернеуге түскен адамның өмірін аман сақтап қалу үшін алғашқы көмек көрсету. Одан соң кернеуі 0,4 кВ және 10 кВ желілерді жалғау, бағаналарын орнату, жоғары кернеулі желілерді ажыратып, қайта қосу, трансформатордағы өртті сөндіру сияқты сынақтар кездесті. Осының бәрінен тиісті дәрежеде өзін көрсете білген «Қарағанды Жарық» компаниясының ұжымы екінші орынға табан тіреп, «Нива» автокөлігін ұтып алды. Ал компания атынан жарыста тайсалмаған қызметкерлер – Арман Айтжанов, Константин Ким, Дастан Жексенбаев, Юрий Черченко, Николай Комсулев, Жанат Сейітов, Константин Осипов, Дмитрий Смердов болды. Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!!!

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.