logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 23 Қараша 2016 18:14

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС еліміздегі 2016 жылдың «Үздік энергетикалық компаниясы» атағын алды

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС еліміздегі 2016 жылдың «Үздік энергетикалық компаниясы» атағын алды

21-ші қараша күні Алматыда 2016 жылғы «Қазақстанның Үздік жыл таңдауы»  XVII халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онда кәсіпкерлік, қолөнер, медицина және спорт саласында еңбегі ерең азаматтар алғысқа кенелді. Айта кету керек, жеңімпаздарды тәуелсіз және кәсіби сарапшылар халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама арқылы анықтады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Қазақстандағы 2016 жылдың Үздік энергетикалық компаниясы» «Бизнес Бас жүлдесін» «Қазақстан коммуналдық жүйелері» холдингі иеленді.

Салтанатты шара барысында «ҚКЖ» компаниялар Тобының жетекшісі Нәби Айтжанов өз сөзінде, бұл жетістікке барша тұтынушылардың сенімінің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. «Демек, бұл қалың қауымның «ҚКЖ» компаниялар Тобындағы 11 мың қызметкердің еселі еңбегіне шынайы берген бағасы болып табылады» - деді, Бас директор. Сондай-ақ, Нәби Айтжанов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ұжымындағы басты саясат – тұтынушылар арасындағы біртұтас және сенімді қарым-қатынасты одан әрі нығайту екенін нақтылады.

medal

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.