logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 26 Желтоқсан 2016 13:34

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар Тобының 50-ден астам қызметкері ҚЭА Еңбек сіңірген энергетигі және Құрметті энергетигі, ТМД Еңбек сіңірген энергетигі атанды және Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясынан және ТМД Құрмет грамоталарын иеленді

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар Тобының 50-ден астам қызметкері ҚЭА Еңбек сіңірген энергетигі және Құрметті энергетигі, ТМД Еңбек сіңірген энергетигі атанды және Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясынан және ТМД Құрмет грамоталарын иеленді

«ҚКЖ» компаниялар Тобының барлық өндірістік объектілерінде – Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кәсіби мереке құрметіне отандық энергетиктерге корпоративтік сый ұсынылған салтанатты шаралар өткізілді. Ал елуден астам әріптестеріне бұл күн ерекше болды, өз кәсіби мереке күні олар Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясының Еңбек сіңірген энергетигі және Құрметті энергетигі атанды, сондай-ақ ҚЭА және ТМД Құрмет грамоталарын иеленді. Сонымен қатар, «ҚКЖ» компаниялар Тобының қызметкерлеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

«Еңбек сіңірген энергетик. Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясы» атағына ие болған, станцияда 38 жыл қызмет еткен Қарағанды ЖЭО-3 турбиналық цех ауысым басшысы Геннадий Шатский өз сөзінде - «ЖЭО кездейсоқ адам болмайды, себебі станциядағы біздің жұмысымыз – тек үлкен жауапкершілік қана емес, ол сонымен бірге ауыр физикалық еңбек, онда командаларды орындау қажет, жапқыштарды бұрау, ашу және тағы басқадай. Мен энергетиктің еңбегін - әрекеттің жылдам және ойлап істелгені деп сипаттар едім. Біздің жұмыста, ең бастысы – барлық жұмыс жағдайларына жылдам әрекет жасап, қаланы жарық және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлығын жасау. Біз ЖЭО жұмыс істейтінімізді мақтан тұтуымыз керек деп есептеймін. Мен энергетикада 40 жылдай және осы жылдар бойы Қарағанды ЖЭО-3 қызмет етемін. Бүгін менің еңбегім және тәжірибем бағаланғаны мен үшін маңызды» деп атап өтті.

Мерекелік шара сонымен бірге, «ҚКЖ» компаниялар Тобының қатысуымен Оңтүстік Қазақстан аймағында да өтті. «Энергопоток» ЖШС 25 адам марапатталды. Мысалы, Кабылбек Кутумбеков энергетикада 20 жыл қызмет етеді. Қазіргі таңда осы кәсіпорынның келісім-шарт жасау бөлімінің инженері болып еңбек етуде. «Еңбек сіңірген энергетик. Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясы» атағына ие болған Кабылбек Бекболатович жиналған қауымға айтқан сөзінде - «Мен энергетиканың әр түрлі саласында жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде қызықты да қиын жағдайлар болды. Бірақ мен ешқашан энергетик болғаныма өкінбеймін. Осы уақыт аралығында көптеген оқушыларды тәрбиелеп шығардым. Олардың бәрі қазіргі кезде сәтті жұмыс жасауда. Мен Қазақстан энергетикасы әрі қарай дамитынын нақты білемін» деп атап өтті. Сонымен бірге, энергетик Күніне «ҚКЖ» компаниялар Тобының қызметкерлеріне облыстық әкімшіліктерден және маслихаттардан Алғыс хаттар табыс етілді.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.