logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2016 15:44

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар Тобының Бас директоры Нәби Айтжановтың энергетиктер Күнімен құттықтауы

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" компаниялар Тобының Бас директоры Нәби Айтжановтың энергетиктер Күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Шын жүректен Сіздерді біздің кәсіби мерекеміз - энергетиктер Күнімен құттықтаймын! Бұл күн күнтізбедегі ең көне және құрметті күндердің бірі болып табылады. Біздің сала әлеуметтік маңызы бар орта бола отырып, республиканың бүкіл экономикасын дамытуға серпін береді. Энергетикада өз өмірін осы мәртебелі және жасампаз мамандықпен байланыстырған мыңдаған мамандар жұмыс істейді.

Сіздер күн сайын ауа райының маусымы және жағдайына қарамастан, бүкіл елдің игілігіне адал қызмет етесіздер, өйткені, энергия өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмыс істеуі үшін басты шарты болып табылады. Энергетик мамандығы  – адамдарға жылу мен жарық сыйлайды. Барлық уақыттарда біздің жұмыс қиын және сол уақытта құрметті болды, себебі, көбінесе энергетиктер еңбегінің арқасында елімізде зауыттар мен фабрикалар жұмыс істеп, тұрғын үй терезелерінде жарық жанып, пәтерлерде ең қатты аяздарда ыстық болады.

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, қажырлы еңбектеріңізде табыстар және белгіленген барлық жоспарларыңызды жүзеге асыруларыңызға тілектеспін! Өмірлік оптимизм және барлық жақсылықты тілеймін!

Ізгі тілекпен,  «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры
Нәби Айтжанов

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.