logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 11:46

ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС екі қызметкері екі жас баланы өлімнен құтқарды

ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС екі қызметкері екі жас баланы өлімнен құтқарды

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" холдинг қызметкерлері тек өзінің жоғары кәсіби деңгейін ғана емес, сонымен қатар ең жақсы қасиеттерін тағы да растады. Тек "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлерінің ерлігі арқасында 31 қаңтарда Пришахтинсктегі 21-ші шағын ауданы тұрғын үйлерінің біреуінің пәтерінде болған өрт ересектердің қарауынсыз қалған екі сәби үшін қайғысыз өтті.

"ҚЖС" ЖШС энергияны қадағалайтын тексерушілері Толкынов Әсет Еркінұлы және Колесникова Татьяна Владимировна бекітілген маршрут бойынша абоненттерді жұмыспен аралауын орындап жүргенде көпқабатты үйдің 5 қабатының терезесінен қалың, тұңшықтыратын түтін шығып жатқанын көріп, баланың айқайы мен жылауын естіген.
Бір секунд ойланбай Әсет Толкынов қыз балаға көмекке жүгірген, Татьяна Колесникова болса құтқару қызметі мен медициналық жедел жәрдем қызметін шақыруды бастаған. Бірнеше секунд ішінде ер адам 5 қабатқа көтеріліп, өрт болып жатқан пәтерде балкон аралығын сындырады, онда екі бала – 6 жастағы қыз және 4 жасар ер бала болған. Осыдан санаулы минут ішінде "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлерінің арқасында балалар қауіпсіз жерде болды. Тексерушілердің айтуынша, олар тек қана балаларды құтқаруды ойлап, сол сәтте қорқынышты сезбеген.

"Біз, Татьяна Колесникова екеуміз маршрутта болдық және айқай естідік. Алдымен бұл жай ғана баланың бұзықтығы болып көрінді. Біз жақындай келе оның қорқыныштан айқайлап жатқанын түсіндік. Біз көмекке жүгірдік. Терезеден түтін шығып жатқанын көрдік. Қыз бала терезеден салбырап тұрды. Мен кіреберіске жүгіріп кеттім, Татьяна қыз баланың секіріп кетпеуі үшін сыртта қалып, айқайлап тұрды", – деді Әсет Толкынов.

"Қыз бала бір қолымен ғана терезе жақтауынан ұстап тұрып, секіріп кетпекші болды. Ол секірсе аман қалмайтынын мен түсіндім. Мен оған секірмеуін сұрап, айқайлап тұрдым. Біздің айқайымызды естіген көршілер төменде көрпе жайды", – деп Татьяна Колесникова қосты.

Анықталғандай, үш бөлмелі пәтерде өрттің шығуына балалардың сіріңкемен ойыны себеп болған. Отты абайсыз қолдану жиһаз, еден және заттардың тұтануына әкелген. Балаларды құтқарғаннан кейін, өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 15 адамы қатысты". "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС екі қызметкерінің ерлік істері туралы хабар қала, содан кейін облыс бойынша жылдам тарады. Қиын жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына келетін қауіпке қарамастан, ерлік пен балаларды аман алып қалу дайындығын көрсетті. Тексерушілер Әсет Толкынов және Татьяна Колесникованың жасаған ерлік әрекеті "Қазақстан коммуналдық жүйелері" холдингі өз жұмысында ұстанатын өзара көмек көрсету және адами қолдау көрсету рухына толық сәйкес келеді. "ҚКЖ" компаниялар тобы біздің қатарымызда осындай форс-мажорлық жағдайларда кез-келген минутта көмекке келуге дайын батыл да ержүрек адамдар жұмыс істейтінін мақтан тұтады. Қарағанды облысы ТЖД басшылығы "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлері Әсет Толқынов және Татьяна Колесникованы батылдығы мен ерлігі үшін мемлекеттік марапаттауға ұсынуға шешім қабылдады. Бұдан басқа, тексерушілерге Алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ, Әсет Толкынов және Татьяна Колесникова "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС ақшалай сыйлық алды.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.