logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 11:10

Қарағанды ЖЭО-3 мерейтой жылы

Қарағанды ЖЭО-3 мерейтой жылы

2017 жыл –Қарағанды ЖЭО-3 үшін мерейтойлық жыл.

Қуатты және өте қажетті жылу электр станциясының негізі 1970 жылы оның құрылысы Қарағандының солтүстік-шығыс бөлігінде басталғанда салынды. Жаңа орталықтардың салынуы Майқұдық аудандарындағы тұрғын үй секторы және өнеркәсібі, сондай-ақ, қаланың ескі, сонымен бірге жаңа бөлігі үшін жылу жүктемелерін жабу қажеттілігіне байланысты болды. Үздік құрылысшылар мен энергетиктерге аймаққа жаңа энергия көзін сыйлау үшін 7 жыл қажет болды. Жаңа, үлкен Қарағанды ЖЭО-3 салтанатты түрде 1977 жылы қарағандылықтарды ондаған жылдар бойы үздіксіз жылумен және жарықпен қамтамасыз ету үшін іске қосылды.

Ал 2016 жыл Қарағанды жылу-электр орталығы үшін Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесіне кіруімен жаңа, маңызды оқиға ретінде ерекшеленді. Атақты станцияда іске  озық, инновациялық технологиялар қолданылатын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жаңа энергоблок қосылды. Бұл ЖЭО энергия тиімділігін 25% арттырды.

Қуаттың ұлғайтылуы тұрғын үй құрылысын дамытуға жаңа серпін беруге, сондай-ақ аймақтағы шағын және орта бизнес үшін мүлдем жаңа жағдайлар құруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні, жаңа энергоблокты ескергенде, Қарағанды ЖЭО-3  бекітілген қуаты 670 мегаватт құрайды.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.