logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 13 Ақпан 2017 17:56

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС тұтынушыларға жаңа қызмет ұсынады

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС тұтынушыларға жаңа қызмет ұсынады

Жасыратыны жоқ, көпқабатты тұрғын үйлердегі жертөле үй-жайлардың елеулі саны, жұмсартып айтқанда, ең жақсы жағдайда емес. Оларға қызмет көрсетілу ПИК құзырында, алайда, күрделі жөндеуді қажет ететін ескі көпқабатты тұрғын үйлерді пәтер иелері Кооперативтері қызмет көрсетуге алмауды дұрыс көретін жағдайлар аз емес. Ал тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен жабдықтау дәл осы үйішілік инженерлік коммуникация арқылы жүргізіледі. Әдетте, жалпыүйішілік инженерлік желілердің төмен жағдайы өзінің жарты ғасырлық межесін өткізген ескі үйлерде байқалады. Көп жағдайда осындай көпқабатты үйлердің инженерлік коммуникациялары иесіз қалады, себебі олардың жөндеуі қымбатқа шығады, ал ПИК, әдетте, осындай шығындарды мойнына алмайды.

2016 жылдың қазан айынан бастап "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС тұтынушылар үшін жаңа қызметті енгізді, ол  –жалпы үйішілік инженерлік желілер бойынша білікті, кәсіби қызмет көрсету. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта үй ішіндегі коммуникацияны күтіп ұстау ауыртпалығы тұтынушылардың өздеріне жүктелген, алайда жалпыүйішілік шаруашылықпен жекпе-жек қалып, барлық жақын ПИК одан бас тартқаннан кейін тұрғындар коммуникацияны тиісті күйінде сақтауға жай ғана физикалық тұрғыда, әсіресе, оларға өз бетімен жөндеуді жүргізуге мүмкіндіктері жетпейді.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС тұтынушыларына жылу-, электр- және сумен жабдықтау, сондай-ақ кәріз жүйелері үйішілік инженерлік желілеріне қызмет көрсетуге шарт жасауды ұсынады. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС мамандарымен шарт жасалғаннан кейін тексеру өткізіліп, соңынан жабдықтарды ауыстыру және жөндеу бойынша ұсыныстар беріледі. Бұдан әрі жоспарлы жұмыс, сондай-ақ дайындық актісін алумен үйді жылыту маусымына дайындау жұмысы жүргізілетін болады. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС Диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған және жұмыс істейді. Тұтынушылар апаттық жағдай туындаған жағдайда немесе өзге де қажет болған жағдайда диспетчерге тәулік бойы хабарласу мүмкіндігіне ие болады, содан кейін апат себептерін жою үшін бригада бағытталатын болады. Компания барлық жүргізілетін жұмыстарға шарт шеңберінде кепілдік береді. Қазіргі уақытта қызмет алып отырған аумақтың бір шаршы метрі үшін он теңгеге бағаланады және шарт жасалған жағдайда Бірыңғай Төлем Құжатында жеке жолмен "ҮИЖҚК  қызметі" деп көрсетілетін болады.

Жаңа қызметтің енгізілгені туралы хабарланған кезде, осы ұсыныс үйлері ПИК қамқорлығынсыз қалған қарағандылықтармен белсенді қолданды. Қазіргі уақытта жалпы үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсету бойынша Қарағандыда бірқатар көпқабатты тұрғын үйлермен тұтынушылар үшін тиімді жағдайда шарт жасалды.

-  Біз ҮИЖҚК қызметінің жұмысына өте ризамыз. "ҚарағандыЖылуСбыт" осындай қызмет туралы жариялаған кезде, біз көршілермен жиналып,  бастамашыл топ құрып және компания кеңсесіне барып, қызмет көрсетуге шарт жасағымыз келетінін айттық, себебі "ҚарағандыЖылуСбыт" онда қалай жөндеу жүргізу керектігін біледі. Шарт жасалғаннан бері 3 ай болды, біз өте қуаныштымыз. Мамандар келіп жұмыс істеуде, жертөле қазір бұрынғыдай емес, құрғақ. Құбырлардан су ақпайды, қалқан жөнге келтірілді, тіпті балалар үшін қауіпсіз болды. Біздің желілер қазір жарамды күйде және басқалай болған жағдайда біз әрқашан "ҚарағандыЖылуСбыт" мамандарын шақыра аламыз, – дейді компаниямен шарт жасасқан үй тұрғындары.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС мақсаты инженерлік коммуникацияны ретке келтіру болып табылады: компания тек қана электр, жылу энергиясы және ыстық сумен үздіксіз жабдықтауды жүзеге асыруды ғана емес, сонымен бірге осы қызметті енгізу кезінде тұтынушылар тіршілігі үшін мүмкін болатын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.