logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 15 Ақпан 2017 11:47

Қарағандылық энергетиктер қала әкімінің халық алдындағы есеп беруіне қатысты

Қарағандылық энергетиктер қала әкімінің халық алдындағы есеп беруіне қатысты

10-ы мен 14 ақпан 2017 жылы Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтың қала халқы алдындағы дәстүрлі есеп беруі өтті. Алғашқы кездесу Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің ғимаратында Октябрь ауданының халқымен, ал екіншісі қалалық әкімдіктің үлкен залында Қазыбек би ауданының тұрғындарымен өткізілді. Есеп беруде «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС жетекшілері, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Нұрлан Аубакиров өз баяндамасында энергетика компанияларының нәтижелі жұмыс істегендеріне ерекше тоқталды. Қала әкімі атап өткендей, аймақ үшін Қарағанды ЖЭО-3 жаңа энергоблокты іске қосу жобасы жүзеге асты.

Бу шығаруы 670 т/сағ қазандық агрегаты және 110 қуаты 110 МВт турбоагрегат жаңадан монтаждалды. Бұл станцияның энергия тиімділігін 25 %-ға арттырды және 670 мегаватт қуатқа жеткізді. Энергоблокты пайдануға ресми енгізу 30 маусым 2016 жылы жүзеге асырылды. Осындай көлемді жобада жаңашылдық, инновациялық технологиялар пайдаланылып, заманауи құрал-жабдықтар орнатылды. Қарағанды ЖЭО-3 жаңғыртуы аймақтың тұрғын үй құрылысын дамытуына жаңа қарқын берді, ал облыс өнеркәсібі қосымша энергетикалық мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Қарағанды ЖЭО-3 жаңа энергоблогын пайдалануға бергенде, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Облыс орталығының жетістіктерін айта келе, Нұрлан Аубакиров қала тұрғындарына Қарағандының өмірі мен қызметінің негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі айтып берді. Баяндамада ТКШ, құрылыс мәселелеріне тоқталып, өнеркәсіп пен әлеуметтік сала да тыс қалмады. 2017 жылға негізгі бағыттар белгіленді.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС жетекшісі Мади Уақасұлының пікірінше, қала әкімінің халық алдында есеп беруі қарағандылықтар үшін өте маңызды, себебі облыс орталығының тұрғындары қала басшысына кез келген сұрақты қойып, толық құрамды жауаптар ала алады. Сондай-ақ осы кездесу кезінде, қала тұрғындары өткен жылғы жұмыстардың орындалуын және облыс орталығының келешегін білді, ол билік пен халық арасындағы кері байланыстың жолға қойылғанына сенімді, «Караганда Энергоцентр» компаниясының жетекшісі.

Негізінен, Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Аубакировтың есеп беруі халықпен іскерлік ортада өтті. Қарағандылықтар облыс орталығының даму көрсеткіштерімен хабарлар болды және өз сауалдарын толықтай жауаптарын алды. Кездесу қорытындысы бойынша, қала әкімі өз орынбасарлары мен Басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.