Наш подход к КСО

Наш подход к КСО

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) – "ҚКЖ" ЖШС қызметінің ажырамас және өте маңызды құраушысы. Бұл, бірінші кезекте, ҚКЖ қатысатын аймақтарда өмір сүру сапасы негізінде компаниямен өндірілетін өнім сапасымен анықталатынына  байланысты.

КЭЖ біз үшін  – ол:

  • Қатысатын өңірлерде белсенді әлеуметтік-экономикалық дамудың соңында кепілі болып табылатын сапалы қызметтерді ұсыну.
  • Кәсіпорынның қызметкерлеріне әділ және уақтылы еңбекақы төлеу, сондай-ақ, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әрбір қызметкердің мансаптық өсу, жеке тұлғалық және кәсіби дамуы үшін қажетті барлық жағдайды жасау.
  • Мемлекет және қоғам алдында қоршаған ортаның сақталуына жауапкершілік.
  • КӘЖ қағидалары ҚКЖ  барлық бизнес-процестерінде сақталады,  бизнес-жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және жағымсыз жағдайларды болдырмауда таптырмайтын құрал болып табылады.
  • "ҚКЖ" ЖШС ашық, айқын бизнес жүргізеді, ҚР заңнамасын мүлтіксіз сақтайды және КӘЖ халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.