logo

+7 (7172) 279 472

Түрлі мекемелер мен қауымдастықтарға қатысу

 

association3

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған.  Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды.  

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде  ұлттық, сондай-ақ  шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.


association

Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация - Қазақстанның Электрэнергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) – мемлекеттік емес және коммерциялық емес ұйым. Ресми түрде Әділет органдарында 1999 жылы 7-ші қаңтардан бастап тіркелген.

Қауымдастық құрамына отыз үш (33)  корпоративті мүше кіреді. Электрқуатын өндіретін, Электржүйелері компаниялары, ірі өндіріс электрқуатын тұтынушы компаниялар, салалы, ғылыми-зерттеуші және жобалық институттар, кәсіпорындар, энергетикалық құрылығылар өндіретін және тағы басқа компаниялар кіреді.

ҚЭҚ Қазақстан Республикасындағы Электрқуатын өндіруші салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың, ортақ мүддесін қорғап, жұмысын үйлестіріп отыру үшін құрылған.


association2

KAZENERGY Қауымдастығы мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 70-ден астам компанияның басын біріктіреді. Олардың ішінде мұнай-газ өндіруші, тасымалдаушы, қызмет көрсетуші, геофизикалық, уран өндіруші және басқа да трансұлттық компаниялар бар.

Қауымдастық төрағасы Жалпы жиында сайланады. Қазіргі төраға – Құлыбаев Тимур Асқарұлы мұнай-газ саласы бойынша Қазақстан үкіметіндегі ведомствоаралық комиссияда KAZENERGY Қауымдастығының атынан өкілдік етеді.

Қауымдастық беделді халықаралық спикерлер мен саяси тұлғаларды жинап, Астана қаласында KAZENERGY ЕВРАЗИЯ ФОРУМЫН өткізіп тұрады..


association2

 

«ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы заңды тұлғалардың ерікті коммерциялық емес бірлестігі болып табылады, ол технологиялық прогресті қамтамасыз ету кезінде қоршаған ортаны сақтауға жәрдем көрсетуге арналған.

«ECOJER» Қауымдастығының мақсаты - мемлекеттік саясат бағыттары, мүдделі жұртшылық арасындағы теңгерімді тәсілді және экономикалық әлеуетті дамыту қажеттілігін ескере отырып, ортақ мүдделерді білдіру мен қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке жәрдемдесу үшін кәсіпкерлік қоғамдастық пен азаматтық қоғамды шоғырландыру.

«ECOJER» Қауымдастығының міндеттері мемлекет, бизнес және қоғам арасында диалог құру, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдарға қолдау көрсету және жәрдемдесу, экономикалық өсу мен қоршаған ортаның сапасын арттыру арасындағы теңгерімді сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоршаған ортаның сапасын арттыру, экологиялық ғылыми зерттеулер саласындағы нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.