logo

+7 (7172) 279 472

Компания басшылығы

gen directorИдрисов Сабырғали Мұхаметқалиұлы
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры

Сабырғали Мұхаметқалиұлы Идрисов 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. Энергетикалық мамандық иегері. 1995 жылы Ресей Федерациясындағы атом энергетикалық Обнин институтының «инженер-физика-жылуэнергетикасы» мамандығын үздік тамамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Жезқазған ЖЭО машинист қараушысы болып бастаған. Бұдан соң турбина машинисі болып еңбек етті. Энергетика саласында тереңдете алған техникалық білімнің арқасында «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Жезқазған ЖЭО станциясының ауысым басшысы қызметіне жоғарылады.

2003 жылдан бастап, Сабырғали Идрисов - техникалық директордың орынбасары, одан соң, бас инженердің орынбасары, Қарағанды ЖЭО-3 өндіріс бойынша директоры, «Қарағанды Жылу» ЖШС коммерциялық директоры қызметтерін абыройлы атқарды.  
Басқарушылық қызметтерде ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары жетістіктерін байқатқан Сабырғали Мұхаметқалиұлы 2007 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды. Аталған лауазымды атқара отырып, ондаған жоғары технологиялы, өндірістік жобаларды жеке бастамасы арқасында жүзеге асырды. Осының арқасында компанияның экономикалық даму көрсеткіштері анағұрлым артты.  

Сабырғали Идрисов өзінің 5 жыл мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі кезінде ел алдындағы міндетін абыройлы атқарды.  
2009-2010 жылдары Сабырғали Мұхаметқалиұлы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық  бақылау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.   
2012-2014 жылдары аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Бұл қызметте жүріп, аталған өңірдегі тұрғын үй және коммуналдық кешеніне жауапты болды. Осының аясында жылу беру маусымына бақылауды күшейтіп, энергия өндіруші, таратушы және жабдықтаушы мекемелермен жұмысты жандандырды.
2010 жылы Сабырғали Идрисов құрамына Қарағанды ЖЭО-3 және Қарағанды ЖЭО-1 кіретін «Караганда Энергоцентр» бас директоры қызметіне кірісті.
2015-2017 жылдары аралығында Сабырғали Мұхаметқалиұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары Комитетіне қарасты «Казводхоз» РМК бас директоры қызметін атқарды. «Казводхоз» РМК-ның бүгінге дейін республика көлеміндегі барлық өңірде бөлімшелері бар. Олар республикалық маңызы бар су шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі мен күтіп-бапталуына тікелей жауапты.
2017 жылдан 2021 жылдың ақпан айына дейін Сабырғали Идрисов – «Өскенмен ЖЭО» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. Өскемен жылу энергоорталығы Шығыс Қазақстан облысындағы жылу өндіруші ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өндіріс орындарын қоса алғанда қаланың тұрғын үй коммуналды секторының 80 пайызын қамтамасыз етеді.
2023 жылдың маусым айынан бастап, Сабырғали Идрисов «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды.
Сабырғали Мұхаметқалиұлы еліміздегі энергетика саласына сіңірген ерен еңбегі мен өлшеусіз қосқан үлесіне байланысты бірнеше мәрте мемлекеттік, салалық, халықаралық марапаттарға ие болды.

Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген энергетик», «ТМД Еңбегі сіңген энергетик» атақтарынан бөлек, «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Оған қоса, Сабырғали Идрисов Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының, ТМД

Электрэнергетикалық Кеңесінің және Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болған. Үйленген,  2 бала тәрбиелеп отыр.


zam directorБексолтан Айдын Ордабекұлы
«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС техникалық директоры

УБексолтан Айдын Ордабекұлы 1978 жылы 20 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетика жүйесі және желілер» мамындығы бойынша тамамдады. Біліктілігі бойынша «инженер-энергетик». Сонымен қатар, 2010 жылы академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығын меңгеріп шықты.
Айдын Ордабекұлы 23 жылдан бері энергетика саласында еңбек етіп келеді.
Айдын Бексолтан еңбек жолын 2000 жылы «Көкшетау ЭТК» АҚ қарасты Көкшетау қалалық электр желілері учаске басшысының орынбасары қызметінен бастаған. Кейіннен аталған компанияның электр энергиясын өткізу аумақтық учаскесінің басшысы болып тағайындалды.
2002-2006ж.ж. Айдын Бексолтан электр монтері, кейіннен «KEGOC» АҚ Жүйеаралық электр желілерінің Ақмола филиалына қарасты Көкшетау аумақтық электр желілерінде релелік қорғаныс және автоматика инженері болып еңбек етті.
Айдын Ордабекұлы 17 жылдан бері «Қазақстан коммуналды жүйелері» компаниялар тобында үздіксіз жұмыс істеп келеді.
2006 жылы Айдын Бексолтан «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС ағымдағы жөндеу және пайдалануға беру бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалды.
2007-2008 жылдары Айдын Ордабекұлы - «Қазақстан коммуналды жүйелері» Тобына қарасты «Қарағанды Жылу» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімі басшысының орынбасары, жөндеуге дайындық бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2008-2011 жылдары «Қазақстан коммуналды жүйелері» Тобына қарасты «Қарағанды Жарық» ЖШС бас инженерінің орынбасары, өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары Айдын Бексолтан – «Қарағанды Жарық» ЖШС күрделі құрылыс қызметі техникалық директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары «Қарағанды Жарық» ЖШС даму Департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2017-2021 жылдары Айдын Бексолтан - «Қазақстан коммуналды жүйелері» Тобына қарасты «Қарағанды энерго орталық» ЖШС атқарушы директоры қызметін жасады.
2021 жылдың 22 ақпанынан 2023 жылдың тамызына дейін -«Қазақстан коммуналды жүйелері» Тобына қарасты «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры болып еңбек етті.
2023 жылдың 18 қыркүйегінен Айдын Ордабекұлы «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС техникалық директоры қызметіне тағайындалды.
Айдын Бексолтан «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығының еңбегі сіңген энергетигі» атағына ие болған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.


sultanЖашибаев Ануар Қабдыкенұлы
«Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС қаржы директоры

Жашибаев Ануар Қабдыкенұлы 1982 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстандық экономика және болжау менеджменті институтын (ҚЭБМИ) «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша сәтті аяқтады.

Ануар Қабдыкенұлының қаржы саласында, оның ішінде халықаралық аудиторлық ұйымдарда және ірі отандық компанияларда 19 жылдық аналитикалық және басшылық жұмыс тәжірибесі бар.

Ануар Жашибаев өзінің еңбек жолын 2004 жылы аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін Ernst & Young халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының аудит жөніндегі маманы қызметінен бастады. Содан кейін аталған компанияның аудит жөніндегі бас маманы болып тағайындалды.
2007-2009 жылдары Ануар Қабдыкенұлы – аудит жөніндегі бас маман, содан кейін аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін Deloitte компаниясы халықаралық желісінің аудит жөніндегі менеджері.
2009 жылы Ануар Жашибаев қазақстандық сақтандыру нарығында қызмет ететін «Allianz Kazakhstan» СК АҚ қаржы директоры лауазымына тағайындалды.
2011–2013 жылдары – еліміздің металлургия саласына зор үлесін қосатын «Востокмашзавод» ЖШС бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
2013-2016 жылдары Ануар Қабдыкенұлы республиканың аграрлық саласында қызмет ететін «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Ануар Жашибаев квазимемлекеттік секторда елдің шағын және орта бизнесін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын ұлттық даму институты болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2018-2019 жылдары – жоғары технологиялық коммуникациялық сервистерді дамыту саласында шоғырланған «New Business Technology» ЖШС қаржы директоры.
2019-2021 жылдары Ануар Қабдыкенұлы республиканың аграрлық секторында қызмет атқаратын «Qyzylsha» ЖШС қаржы директоры лауазымында жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін – көлік және логистика саласына тартылған «КазСино Терминал» ЖШС қаржы директоры.
2023 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ануар Жашибаев – «Қазақстан Коммуналдық жүйелер» ЖШС қаржы директорының орынбасары.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Ануар Қабдыкенұлы «Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС қаржы директоры қызметіне тағайындалды.


sultanИбрагимов Мұрат Жұмашұлы
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі директоры

Ибрагимов Мұрат Жұмашұлы 1970 жылы 10 мамырда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі: «Инженер-химик-технолог».
Сондай-ақ, дәл осы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Электр энергетикасы» мамандығын қосымша меңгерген. Біліктілігі: «Техника және технология бакалавры».
1989-1997 жж. - «Алима К ЛТД» кәсіпорнының маркетинг жөніндегі маманы.
1997-1999 жж. - «Шебер» кәсіпорнының маркетинг жөніндегі маманы.
1999-2001 жж. - «Шымкентэнерго» МКК өткізу учаскесінің инженері.
2001-2002 жылдары - «Шымкентэнерго» МКК Еңбекші аудандық өткізу бөлімінің басшысы.
2002 жылдан бастап, 2003 жылдың шілдесіне дейін Мұрат Жұмашұлы заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі өткізу бөлімінің басшысы, содан кейін «Энергоорталық-3» ААҚ жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2003 жылдың тамызынан 2003 жылдың желтоқсанына дейін - «Түркістан энерго» ААҚ Еңбекші АЭЖ өткізу жөніндегі жетекші инженері.
2004 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың қыркүйегіне дейін - «Түркістан энерго» ААҚ Еңбекші АЭЖ өткізу жөніндегі басшысының орынбасары.
2004 жылдың қазанынан 2005 жылғы сәуірге дейін - «Оңтүстік Жарық» ЖШС Еңбекші АЭЖ өткізу жөніндегі басшысының орынбасары.
2005 жылғы мамырдан 2005 жылғы тамызға дейін - «Оңтүстік Жарық» ЖШС атқарушы директоры.
2005 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың ақпанына дейін - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС атқарушы директоры.
2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы тамызға дейін - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директорының Электр энергиясын сату жөніндегі орынбасары.
2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың ақпанына дейін - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС коммерциялық директоры.
2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың ақпанына дейін - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС коммерциялық директоры - Орталық өткізу қызметінің басшысы.
2010 жылдың наурызында Мұрат Жұмашұлы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2010 жылғы маусымда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры лауазымына бекітілді.
2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурызына дейін - «Маңғыстау өңірлік электр желісі компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.
2021 жылдың сәуірінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2021 жылдың мамырында Мұрат Ибрагимов «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры лауазымына бекітілді.
2024 жылғы 8 ақпанда «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің Бизнесті дамыту жөніндегі директоры лауазымына тағайындалды.
Мұрат Жұмашұлы өз еңбегі үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірнеше рет түрлі мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.
«ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағына ие, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Құрмет грамотасымен, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының медалімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан «Энергетикаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.


appazБоршанов Айбек Балтабекович
«Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС өткізу жөніндегі директоры

Боршанов Айбек Балтабекович 1986 жылы 20 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша сәтті бітірді.
Сондай-ақ, 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Сонымен қатар, 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын бітіріп, құқық және экономика магистрі болып табылады.
Энергетика саласында 15 жылдық тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС инженер-талдаушысы қызметінен бастаған.
2009 жылы Айбер Боршанов «Қарағанды Жарық» ЖШС іске асыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды
2011-2014 жылдары Айбек Балтабекович – «Қарағанды Жарық» ЖШС Электр энергиясын бөлуді техникалық бақылау және талдау қызметінің бастығы.
2015-2016 жылдары Электр энергиясын бөлу департаменті директорының орынбасары, «Қарағанды Жарық» ЖШС Перспективалық дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды
2016-2017 жылдары Айбек Боршанов – «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорының өткізу жөніндегі орынбасары.
2017 жылы Айбек Балтабекович «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС директоры болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары – «Қарағанды Су»ЖШС Бас директоры.
2020-2021 жылдары Айбек Боршанов «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Коммерциялық директоры қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары – «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Директорының өткізу жөніндегі орынбасары.
2023 жылдың қараша айында Айбек Балтабекович «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Өткізу жөніндегі директоры болып тағайындалды.
«ҚКЖ» бүкіл Тобы бойынша энергия өткізу мәселелеріне, өткізу саясатын әзірлеу мен іске асыруға, перспективалық жоспарлауға жетекшілік етеді, «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» тобының инвестициялық жобаларын іске асыруға тікелей қатысады.
Айбек Балтабекович «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі», «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының Құрметті энергетигі» атақтарына ие, «ГОЭРЛОға 100 жыл» медаліне ие, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен, Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.


akhmetovТулеков Алибек Маратұлы
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Корпоративтік даму жөніндегі директоры

Тулеков Алибек Маратұлы 1989 жылы 31 наурызда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 2013 жылы University of Southampton (Ұлыбритания) университетін «Менеджмент және бухгалтерлік іс» мамандығы бойынша сәтті аяқтады.

Сондай-ақ, 2015 жылы Bournemouth University (Ұлыбритания) университетін бітіріп, «Халықаралық инвестициялар және қаржы» (MBA) ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2013 жылы Deloitte TCF LLP Консалтинг департаментінің кеңесшісі ретінде бастаған.
2015 жылдан бастап Алибек Тулеков «Интергаз Центральная Азия» АҚ Бизнесті жоспарлау және тарифтерді қалыптастыру департаментінің 1 санатты менеджері болып тағайындалды.

2017 жылдың маусым айынан бастап Алибек Маратұлы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Корпоративтік даму бөлімінің маманы, бас маманы, содан кейін жетекшісі қызметтерін атқарды.
2021 жылдың маусымынан бастап «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС корпоративтік даму жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды.
Лауазымдық міндеттеріне сәйкес, ол корпоративті дамыту, стратегиялық жоспарлау мәселелеріне жауап береді және Қазақстан коммуналдық жүйелері тобының инвестициялық жобаларын іске асыруға тікелей қатысады.
«ГОЭЛРО-ға 100 жыл» медалімен марапатталған.


akhmetov2Бекмухамбетов Дамир Айболович
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директоры

Бекмухамбетов Дамир Айболович 1993 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2013 жылы «Математика, физика, химия» мамандығы бойынша CATS College London (Ұлыбритания, Лондон) бітірді. 2016 жылы Queen Mary University of London (Ұлыбритания, Лондон) университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылдың қыркүйек айында «Тұлпар-Тальго» ЖШС (Жолаушылар вагондарын шығару зауыты) инженері лауазымынан бастаған. Вагондарды құрастыруға, Испаниядан – Patents Talgo конструкторлық құжаттамасының ұстаушысының сызбалары мен схемаларын түсіндіруге, құралдар мен материалдарға қажеттілікті анықтауға, сатып алуға өтінімдер жасауға қатысты туындаған мәселелерді шешуге тікелей қатысты, дәнекерлеу цехының жұмысына жетекшілік етті.

2017 жылдың шілде айынан бастап – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ техникалық орталығының бас маманы. Осы позицияда Дамир Бекмухамбетов жолаушылар вагондары мен олардың құрамдас бөліктерін пайдалануға беру, жаңғырту, жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарту мәселелері бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы талдау, әзірлеу және келісу жүргізді.

2018 жылдың мамыр айында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ маркетинг департаментінің бас менеджері болып тағайындалды. Бұл лауазымда қызметтерді тұтынушылармен (теміржол әкімшіліктері, порттар, жүк жөнелтушілер, экспедиторлық, трейдерлік және өзге де ұйымдар) олардың қызметтерге қажеттілігін анықтау, жүк тасымалдарын ұлғайту бойынша қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ теміржол көлігі қызметтеріне жаңа әлеуетті клиенттер мен жүк ағындарын тарту бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырды.

2018 жылдың қараша айынан бастап Дамир Бекмухамбетов – «Казцинк-ТемирТранс» ЖШС Жылжымалы құрам бойынша департамент бастығы. Өз өкілеттігі шеңберінде жүк вагондары мен локомотивтерге жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау мен ұйымдастыруды, қажеттілікті жоспарлау мен қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап «Жолаушылар тасымалы»АҚ тәуекел-менеджері лауазымында жұмыс істеді. Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін әзірлеуді, енгізуді және жетілдіруді, тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің жай-күйін бақылауды және мониторингілеуді, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын келісуді жүзеге асырды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Дамир Бекмухамбетов – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директорының орынбасары. Функционалдық міндеттеріне сәйкес сатып алу саласындағы еншілес компаниялардың қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырды.

2022 жылдың қаңтарында Дамир Бекмухамбетов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директоры лауазымына тағайындалды.


aygulМиразова Айгуль Туреевна
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Персоналды басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры

Миразова Айгуль Туреевна 1971 жылы 15 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша сәтті аяқтады.

2001 жылы Қазақ Академиялық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.
Сонымен қатар, Айгуль Миразова Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ТМД елдерінің персоналды басқару саласындағы менеджерлерге арналған оқуынан өтті.
Ол үнемі персоналды басқару саласындағы салалық семинарлар мен тренингтерге қатысып отырады. Республикалық және халықаралық деңгейдегі «Заманауи ұйымдағы персоналды басқару» (Алматы қ.), «Персоналды басқарудың негізгі тәсілдері мен әдістері» тренингтеріне (Алматы қ.), «Өзекті кадрлық мәселелер – заманауи жеке менеджмент» (Алматы қ.) семинарына, «Адам ресурстарын басқару» тренингіне (Алматы қ.) қатысты.

Өз еңбек жолын 1993 жылы «Қазақтелеком» АҚ Алматы облысы Талғар аудандық телекоммуникация торабының кадрлар бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған.
2000 жылы «Қазақтелеком» АҚ Алматы Облыстық телекоммуникация дирекциясының Кадрларды даярлау және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұл қызметте ол Облыстық дирекцияның кадрлық саясатын басқарды, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ 20 аумақтық бөлімшесінің: Алматы облысының аумақтық және қалалық телекоммуникациялық орталықтарының кадрлық қызметтерінің дамуы мен жүзеге асырылуын қадағалады.
2003 жылдан бастап Айгуль Миразова – Қазақстан Республикасындағы жетекші телекоммуникация операторы болып табылатын «Нұрсат» АҚ Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. «Нұрсат» АҚ «Арлан Холдинг компаниясы» ЖШС-нің құрамына кіретін.
2005 жылы Айгуль Миразова экономиканың түрлі салаларында шоғырланған бірқатар компанияларды қосқан «Арлан Холдинг компаниясы» ЖШС-нің Персоналды басқару жөніндегі директоры болып тағайындалды.

2010 жылдан бастап Айгуль Миразова «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС әкімшілік бөлімінің жетекшісі қызметіне тағайындалды.
Персоналды басқару саласындағы ұйымдастырушылық қабілеті мен жоғары жетістіктерін ескере отырып, 2021 жылдың қаңтарында Айгуль Миразова «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Персоналды басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры лауазымына тағайындалды.
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобында ол 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, орта буыннан басқарушылық қызметке дейін өсті.
Бүкіл «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының кадрлық және әлеуметтік саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға, сондай-ақ «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының корпоративті мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға жетекшілік етеді.
«ГОЭЛРО-ға 100 жыл» медалімен марапатталған.

2023 жылы Айгуль Туреевнаға «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрметті энергетигі» атағы берілді.


aygulРайымбеков Жалғас Сәкенұлы
«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС - Комплеанс директоры

Райымбеков Жалғас Сәкенұлы, 1987 жылы 3-қазанда Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Талдықорған экономикалық-техникалық колледжінде «Салық ісі» мамандығын үздік тамамдаған.

2009 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясында «Қаржыгер» мамандығын игеріп шықты. Бұдан бөлек, 2019 жылы кешенді бағдарлама аясында басқару тетіктері мен міндеттері бағыты бойынша Астана қаласындағы EY бизнес Академиясын (CIA, MBA) меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Альянс Банк» АҚ несие келісім-шарттарын үйлестіру бөлімінде маман ретінде бастаған.

2008-2009 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы салық басқармасының жетекші салық инспекторы қызметін атқарды.

2009 жылы Алматы қаласы бойынша Салық департаменті заңды тұлғалардың салық есебін сараптау бөлімінде бас салық инспекторы болып еңбек етті.

2010-2013 жылдары Жалғас Райымбеков ішкі аудит және комплеанс Департаментінің салықты жоспарлау басқармасында жетекші, кейіннен «Resmi» компаниялар Тобында салықты жоспарлау және әкімшілендіру Басқарушысы қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары «Торговый Дом «ТЭК-КАЗАХСТАН» ЖШС Салықты әкімшілендіру Департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2014 жылы «Ordabasy Group» ЖШС салықтық сараптама бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС ішкі аудит бөлімінің жетекшісі болып еңбек етті.

2023 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап, Жалғас Сәкенұлы «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Комплеанс директоры қызметіне тағайындалды.

Жалғас Райымбеков 15 жылдан бері отандық және халықаралық салық және бухгалтерлік заңнамалар саласында қажырлы еңбек етіп келеді.

Осы арқылы түрлі корпоративті тәуекелдердің алдын алып, оған сараптама жүргізіп, инвестициялық жобалардың қорытындыларын талдап, ішкі тексеру жүргізуде нағыз маман болып қалыптасқан. Үйленген, 5 баласы бар.

 

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.