logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 15:44

90 мың абонентке күн сайын "ҚарағандыжылуСбыт" ЖШС қызмет көрсетеді

90 мың абонентке күн сайын "ҚарағандыжылуСбыт" ЖШС қызмет көрсетеді

Бүгінгі күні "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС Қарағанды облысында электр және жылу энергиясы, сондай-ақ ыстық сумен жабдықтайтын ірі өнім беруші болып табылады. Міне, 10 жыл бойы компания аймақ тұрғындарын коммуналдық қызметтермен үздіксіз және сапалы қамтамасыз етеді. Компаниямен Қарағанды қаласы абоненттеріне ай сайын жеткізілетін электр энергиясының көлемі шамамен 98 млн. кВт/сағ. Бүгінгі күні қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін кәсіпорынның 4 аумақтық учаскесі бар.

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС тұтынушылармен, жеке немесе заңды тұлғалар болсын барынша айқын қарым-қатынасты және өзінің әрбір абоненті үшін қолжетімділікті ең маңыздысы деп санайды.

Тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты жақсарту үшін компаниямен жедел кері байланысты қамтамасыз етудің бірнеше тетіктері енгізілді және олар табысты жұмыс істейді. Байланыс орталығы қызметкерлері кез келген абонент сұрақтарына әрқашан жауап беруге дайын, ал "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС - www.kzs.kz ресми сайтында тұтынушылар көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпаратты таба алады. Қарағандылықтар үйден шықпай-ақ, интернет-портал арқылы "жеке кабинетке" тіркеле отырып, өзінің жеке шотының ағымдағы жағдайын білуге, төлем құжатын басып шығаруға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, өткен жылдың соңынан бастап "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясымен көп қабатты үйлердің жалпы үйішілік инженерлік желілеріне кәсіби қызмет көрсету бойынша жаңа қызмет енгізілді.

Бүгінгі таңда ҮИЖҚК шарты Қарағандыда бірқатар үйлермен жасалды. Айтпақшы, ҮИЖҚК қызметтеріне өтінімді алдағы уақытта "жеке кабинет" арқылы оnline режимінде беруге болады.

"ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы өзінің әрбір тұтынушысын бағалайды. Жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізу, қызметті кеңейту, инновациялық технологияларды пайдалану тек бір зат үшін - қарағандылықтар үшін жайлылықты арттыру мен оларды қолайлылықпен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатынын "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС атап өтті.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.