logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 20 Ақпан 2017 15:12

Ауғанстан соғысының ардагері Жетпіс Әбішев 20 жылдан артық «Караганда Энергоцентр» ЖШС-да жұмыс істейді

Ауғанстан соғысының ардагері Жетпіс Әбішев 20 жылдан артық «Караганда Энергоцентр» ЖШС-да жұмыс істейді

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ауған соғысының ардагерлері жас ұрпақпен кездесті. Кеңес одағының әскерін Ауғанстан жеріне 1979 жылы енгізіп, 1989 жылдың 15 ақпанында шығарды. Осындай кездесулер жастардағы патриоттық сезімін дамытуға, Отанды қоғауға қатысты құндылықтарды қалыптастыруға және халық пен елдің алдындағы әскери борыштарын орындауға бағытталған. Ұрпақтар сабақтастығы кеші қайтыс болған солдаттарды бір минут үнсіздікпен басталды, әскери тақырыптар да өлеңдер оқылып, деректі фильмдер көрсетілді. Жас қарағандылықтар ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алды.

Кездесуге қатысушылардың ішінде - ауған соғысының ардагері, бірнеше мемлекеттік наградалардың иегері, Қарағанды ЖЭО-3 қызметкері Жетпіс Әбішевте болды. Оның наградалық тізімінде – «Ерлігі үшін», «Ауған халқының алғыс» медальдары «Ауған соғысының жауынгер-ардагері» ордені, «ӘДӘ 80 жыл» мерейтойлық медалі, Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мерейтойлық медалі, Ауғанстан жерінен кеңес әскерін шығарғанға 15, 20, 25 жылдықтарынан арналған мерейтолық мадальдары бар. Жетпіс Шаймағанбетұлы 20 жылдан артық «Караганда Энергоцентр» ЖШС-да жұмыс істейді. Ауғанстан соғысының қатысушысы Қарағанды ЖЭО-3-тің жанармай-көлік цехының ауысым басшысы лауазымын атқарады. Әскери жинақылығы, тәртіптілігі және ұқыптылығын Жетпіс Әбішев азаматтық кәсіпте те қолданып жүр. Егер бұрын Жетпіс Шаймағанбетұлы мемлекетті қорғау мен қауіпсіздікте болатын болса, қазір ауған соғысының жауынгері қарағандылықтарға жылу мен жарық беруде еңбектенуде.

Жетпіс Әбішевтің әскери жолы 1981 жылы Қарағанды қаласының Октябрь АІІБ-да 18 жасында әскер қатарына шақырылудан басталған. Ауған соғысының "Арнайы хабар"-ына түсті. Бұл елде қазақстандық Кабул қаласында, кейін Джелалабадта әскери міндетін өтеді. 66 бригаданың десанттық-шабуылдаушы батальонының құрамында соғысты. Ерлік пен батылдық көрсету арқылы, миноментті батерияларды есептеу командирі болды. Ауған соғысының жауынгері торуыл, жерлігікті жерді тінту, рейдтерді есептемегенде, 21 әскери операцияға қатысқан.

20 жылдан асса да, Жетпіс Әбішев Ауғанстан соғысындағы қайғылы жылдарды әлі де ұмыта алмайды. Ардагер бір қалада өскен достарынан, жас жігіттерден қалай айырылып қалғанын естен кетіре алмайтынын, айтып берді.

«Біздің батальонға 5 қарағандылық түстік. Мен, Роман Ахмадулин, Виталий Гореев, Юрий Андрейкин және Иван Могиш. Барлығымыздан үйге тек мен және Роман Ахмадулин екеуіміз ғана келдік. Қалған үшеуі қайтыс болды ...» - деп, қинала есіне алды Ауған соғысының ардагері.

Ауғанстаннан екі жылдан кейін жауынгер-ардагер туған қаласы Қарағандыға келеді. Азаматтық өмірде жолын Жетпіс Әбішев тек энергетика саласында жұмыс істеймін, деп шешеді. Әскер қатарына шақырылғанға дейін «бульдозерист» мамандығы болған, жауынгер-ардагер 1983 жылы 19 қазанда Қарағанды ЖЭО-3-ке бульдозерист қажет болып жатқанда, жұмыс істеуге келеді.

Өзінің өмірін әрі қарай энергетика саласына арнаған Жетпіс Шаймағанбетұлы Энергоқұрылыс техникумын аяқтайды. Оқу барысында энергетика схемаларының күрделі саласына, терминдері мен технологиялық процестеріне толығымен еніп кетеді. Қажетті білім көлемі мен кәсібилікті игергеннен соң, құлшыныспен өзінің Қарағанды ЖЭО-3-ке жұмысқа кіріседі. Аса қысқа уақыттың ішінде өз ісіне мейірімді және ықыласты екенін өз әріптестеріне көрсете білді, сондай-ақ адамгершілігі, бауырмалдығы, сенімділігі пен адалдығын да байқатты.

Жетпіс Шаймағанбетұлы өзінің жұбайымен үш қыз тәрбиелеп, оның біреуінен немере сүйіп отыр. Қазіргі таңда, 54 жастағы жауынгер-ардагер Қарағанды ЖЭО-3-тің жанармай-көлік цехының ауысым басшысы қызметін атқарып отыр, Ауған соғысына қатысушыларды біріктіретін, «Ардагер» қоғамының мүшесі. Әскери бірлестік құрамында жас ұрпақты патриоттық тәрбие жұмысымен белсене айналысады. Өзінің өмірілік және әскери тәжірибесіне сүйене отырып, жастарға негізгі құндылықтарды сіңіріп отыр, ол өзінің өмір сүрудегі басты қағидасына айналып кеткен.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.