logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 13 Наурыз 2017 12:34

Қарағандылықтар "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС енгізілген ҮИЖҚК қызметі үшін алғыс білдіруде

Қарағандылықтар "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС енгізілген ҮИЖҚК қызметі үшін алғыс білдіруде

Өткен жылдың соңында "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы қарағандылықтар үшін үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсету (ҮИЖҚК) бойынша жаңа қызмет енгізілгені туралы жариялады. Осы үйішілік инженерлік коммуникациялар арқылы тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен жабдықтау жүргізіледі. Ал "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС өткізу компаниясы ретінде, үйлердің жертөлелерінде осы инженерлік желілердің сапалы пайдалануға берілуіне мүдделі.  Әдетте, жалпыүйішілік инженерлік желілердің төмен жағдайы өзінің жарты ғасырлық межесін өткізген ескі үйлерде байқалады және ПИК қызмет көрсету үшін өзіне алмауды дұрыс көреді. "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы, ҮИЖҚК кешенді жөндеуді жүргізуді және одан кейін оларға ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсетілуін білдіретін үйішілік желілердің кәсіби пайдалануға берілуін ұсынады.
Сонымен қатар, техникалық қажеттілік туындаған жағдайда, тұрғындар әрдайым компанияның диспетчерлік қызметіне телефон соғып, шеберді шақыра алады. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметін компания үйішілік инженерлік желілерін өз қызмет көрсетуіне алған көпқабатты үйлердің тұрғындары бағалады.

- Апаттық жағдай болған жағдайда қоңырау шалу мүмкіндігінің өзі – үлкен жеңілдік. Біз пәтерді бір жыл бұрын сатып алдық. Бұрын тұрған үйде ПИК өте жақсы болатын. Енді осы жерде де мен – қалқан жөнделгенін және жертөледе жөндеу жасалғанын көрдім. Әрине осылай жақсырақ. Бұрынғыдай емес: апат болған жағдайда қайда баратыныңды білмейсің. Ал қазір, кімге бару керек екенін білеміз. Және сомасы да шағын – 800 теңге, бұл біздің пәтердің ауданы 80 шаршы метр екенін есепке алғанда - дейді Степной-4  шағын ауданы №30 үй иесі Елена. Осы үйге  "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС бірнеше ай бойы ҮИЖҚК  қызмет көрсетуде. Көршісін сондай-ақ, бұл үйде 1989 жылы ол салынғаннан бері тұратын Рысжан Хайруллаевна қолдады.

– Бір кездері бізде ПИК болды, бірақ содан кейін ыдырап кетті. Біз барлық мәселелерді өзіміз шештік, ешкім көмектескен жоқ... Қазір алаңдарда, жертөледе қалқандар жасалып, жөнделді. Егер қажет болса, төлейміз. Бәрінен де жаңа мердігерге он жылдық еңбек өтілі бар үй бойынша жауапты қуанышты. Оның да есімі Елена.

– Біз күзде, жылыту маусымына дайындалып жатқан кезде шарт жасастық. Апаттық проблемалардан мезі болдық.
Тұрғындармен жиналып, сөйлестік. Содан кейін бір апта пәтерлерді аралап, өзім түсіндірдім. Оған дейін мамандар біздің жертөлемізді және он қалқанды қарап шыққан болатын. Шарт жасасқаннан кейін төрт апат болды. Шынын айтқанда, олар маған сезілген жоқ. ҮИЖҚК маманы Михаил барлық апатты жойып, біз шотты төледік... Біздің бір тұрғынымыз осы жұмыстарды түсінеді және ол қарап шыққаннан кейін – бәрі дұрыс жасалған деді. Михаил үнемі бізге тексеріспен келіп тұрады. Тіпті қоңырау шалсақ, шамдарды да ауыстырады.

Негізінде, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС ҮИЖҚК қызмет көрсету бойынша қызметі қалалық ПИК қарағанда әлдеқайда арзан,– бір шаршы метр үшін 10 теңге тұрады. ҮИЖҚК үйдің тіршілікті қамтамасыз етуіне жауап беретін барлық инженерлік желілер - электр және жылу энергиясы, ыстық, суық су және канализация кіреді. Шығыс материалдарын "ҚарағандыЖылуСбыт" сатып алады. Шығыс жүкқұжаты бойынша соманы тұрғындарға қайтару қажет болады. Бұл ретте барлық жұмыс осы 10 теңгеге орындалатын болады. Оларды тұрғындар ішінен бастамашыл топ акт бойынша қабылдайды. Сол 10 теңгеге және үйді жылыту маусымына дайындау да кіреді. Егер әр пәтерден жуу және сығымдау орта есеппен 5 мың теңгеге шығады деп есептейтін болсақ, үнемдеу айқын байқалады.

Сонымен қатар, "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлерінің қарағандылықтармен ҮИЖҚК қызмет көрсету бойынша қызметті енгізуге арналған кезекті  жиналысы Майқұдықтың 13-ші шағын ауданындағы №8 үй ауласында өткізілді. Компания мамандары тұрғындарға жаңа қызмет туралы егжей-тегжейлі айтып және тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС компания мен үй тұрғындары тең жағдайда, онда пәтер иелері – тапсырыс беруші, ал "ҚЖС" - мердігер екенін атап өтті.

– Бағасы бекітілді, актімен қол қойылды және қайта қарауға тек жиналыстан кейін ғана жатады, – деп "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС директорының халықпен жұмыс жөніндегі орынбасары Валерий Дударь түсіндірді.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.