logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 21 Сәуір 2017 17:31

«ҚКЖ» -«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Келес АЭС аға диспетчері Төлеген Сахов: «Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын!»

«ҚКЖ» -«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Келес АЭС аға диспетчері Төлеген Сахов: «Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын!»

«Қазақстан коммуналды жүйелері» компаниялар Тобында мыңдаған адам жұмыс істейді. Олардың бәрі кәсіби, тәжірибелі, тұтынушыларды қуатпан қамтып отырған мамандар. Өз учаскесі мен өз міндетін жақсы білетін олар өз жұмысын мақтан тұтады. Сол «Қазақстан коммуналды жүйелері» компаниялар Тобының 11 мың қызметкерінің бірі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Келес АЭС аға диспетчері Төлеген Сахов. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Абай ауылында еңбек етеді. Энергетик Шымкент Технологиялық институтын тәмамдаған.

Келес АЭС барлық қызметті қосқанда 101 адам жұмыс істейді. Төлеген Саховтың еңбек өтілі 30 жылдан астам. Оның 17 жылы диспетчерлік қызметте өтті. Қазіргі міндеті күнделікті Келес өлкесінің электр шығысын есептеп, халықты үздіксіз қуатпен қамту. Бүгінгі күнге Келестің шығыны тәулігіне 150 000 кВт құрайды. Ал ауылда 19 мыңнан астам абонент бар. Төлеген Орынбайұлының күнделікті жүктемесі ауа райына байланысты. Бірақ міндетті тірлігі де жеткілікті. Күніне рта есеппен 70 шақты қоңырау қабылдайды. 53 жастағы ер ағасы жұбайымен 5 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп келеді. 7 сыныптағы ұлы әліден әке жолын қууға бел буып отыр.

«Менің сүйікті жұмысым, керемет отбасым бар. Адамға бұдан артық қандай бақыт керек?»-дейді Төлеген Сахов күліп. «ҚКЖ» компаниялар Тобында энергетиктердің еңбек династиясы қалыптасқаны қашан?! «ҚКЖ» үшін ең бастысы—адам капиталы. Энергетиктердің еселі еңбегін бағалау.

13 жасар Төлеген Саховтың ұлының шешіміне қарап, энегетика ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан абыройлы мамандық екенін түсіну қиын емес.

1

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.