logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сейсенбі, 24 Қазан 2023 14:19

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтің Республика күнімен құттықтауы

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтің Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Өз атымнан және мыңдаған қызметкері бар «Қазақстан коммуналды жүйелері» Тобының атынан Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25-қазан Қазақстан Республикасының тарих тарауында жаңа кезеңін айшықтайтын маңызды дата. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанның мемлекет ретінде ішкі және сыртқы саясаттағы саяси тәуелсіздігін растайтын Декларация қабылданды. Бұл - еліміздің тәуелсіздігін алу жолындағы алғашқы маңызды қадамы болатын. Осы мезеттен бастап, Қазақстанның құқықтық негіздері бекітілді.

Бұл Декларация унитарлық, біртұтастық және дербес мемлекет құруға негіз болды.

Республика күні - еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды дата. Мемлекетіміздің тұрақтылығын, Қазақстан халқының бірлігін, еліміздің біртұтастығын айқындап берген мереке.

Біз баршамыз Қазақстанның саяси-экономикалық тұрғысынан өркендеп жатқанын мақтан тұтамыз. Бұл жетістігіміз халықаралық деңгейде, әлемдік аренада да айқындалып жүр. Осының бәрі, бірінші кезекте, еліміздің тәуелсіздігі, халқымыздың бірлігі, тұтастығымыз бен тұрақтылығымыздың арқасы.

Біз, қазақстандықтар, тарихқа тағзым ете отырып, мәдени мұрамыз бен дәстүрімізді жаңғырта отырып, келелі келешегімізді құрып жатырмыз.

Республика күні – өткеніміз бен бүгінімізде бағындырған белестерімізді мақтан тұтып, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын мереке. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Келісім мен тұрақтылықтың арқасында мемлекетіміздің қарыштап дамуына үлес қоса беріңіздер! Бірлігі бен татулығы жарасқан бейбіт еліміз мәңгі жасасын!

Ізгі ниетпен,

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры

Сабырғали Идрисов

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.