logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 15 Желтоқсан 2023 11:52

«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің барлық азаматтары үшін мәні зор осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін маңызды, Тәуелсіздік пен еркіндіктің 32 жылында ортақ күш-жігермен Қазақстан халқы іргелі экономикалық және саяси әлеуеті бар демократиялық, құқықтық мемлекет құра алды.

Тәуелсіздік күні еліміздің басты мемлекеттік мерекесі болып табылады. Осы тарихи кезеңде республикада экономиканың барлық салаларында ауқымды, табысты өзгерістер мен реформалар болды. Тәуелсіздіктің арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу және перспективалық жоспарларды іске асыру бойынша шығармашылық үдеріс басталды. Үш онжылдықта Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйеде лайықты орын алды.

Өз атымнан және «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» тобы ұжымының атынан барша қазақстандықтарды еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға шын жүректен бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!

Ізгі тілекпен,
«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.