logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 15 Желтоқсан 2023 11:54

«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисовтың Энергетиктер күнімен құттықтауы

«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисовтың Энергетиктер күнімен құттықтауы

Құрметті энергетик-әріптестер!

Энергетика күні қарсаңында өз өмірін энергетика саласымен байланыстырған баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Елімізде Энергетика күні жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Осылайша, 2023 жылы мерекелік күнтізбедегі осы салтанатты күн 17 желтоқсанға келеді.

Оны жылдың басты мерекелерінің бірі деп айтуға болады, себебі энергетика елдің бүкіл экономикасының дамуына серпін беретін іргелі сала болып табылады. Бірде-бір өнеркәсіптік кәсіпорын, зауыт немесе фабрика, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді айтпағанда, электр және жылу энергиясынсыз жұмыс істей алмайды.

Отандық энергетика саласында жүздеген мың мамандар жұмыс істейді, олар өздерін осы күрделі, бірақ өте қажет және жасампаз мамандыққа арнады. Энергетиктердің жұмысы барлық уақытта құрметтелген және құрметті болады, өйткені оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңыздылығын бағалау қиын. Сіздер жыл мезгілі мен ауа-райына қарамастан, бүкіл елдің игілігі үшін күн сайын адал еңбек етесіздер, өйткені энергетик мамандығының мақсаты - адамдарға жарық пен жылулық сыйлау.

Құрметті энергетик-әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, мықты денсаулық, жұмыста табыс, отбасылық амандық және барлық игіліктерді тілеймін!

Ізгі тілекпен,
«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.