logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2024 11:01

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтың атынан Наурыз мейрамымен құттықтау

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры Сабырғали Идрисовтың атынан Наурыз мейрамымен құттықтау

Құрметті отандастар!

Еліміздің басты ұлттық мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл — ғасырлар бойы тойланып келе жатқан халықтық мейрам. Жер бетіндегі бар тіршілік пен табиғат оянып, жаңаратын кез осы көрікті көктемге сәйкес келіп отыр. Наурыз мейрамы — жылдың басы, жаңа бастамалар кезі. Жақсылық пен кешірімділік, бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Наурыз мерекесі Қазақстандағы барша халықты ұлты мен ұлысына бөлместен, біріктіретін мейрам.

Ол достық пен сенімнің, салт-дәстүрдің кеңінен таралуын насихаттайды. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, жақсылық тілеймін! Көктем мерекесі жанға жылулық сыйласын! Наурыз мейрамында үміттер ақталып, жоспарлар орындалсын!

Ізгі тілекпен, «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Бас директоры
Сабырғали Идрисов

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.