logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 12:56

Есепке алу құралы орнатылған қарағандылық тұрғындар жылу үшін аз төлейтін болады

Есепке алу құралы орнатылған қарағандылық тұрғындар жылу үшін аз төлейтін болады

Жақында Қарағандыда коммуналдық қызметкерлер республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне көп қабатты тұрғын үйлерде жылудың жалпыүйішілік есепке алу құралы орнатылған тұрғындар үшін болатын үнемдеу туралы айтылған пресс-конференциясы өтті. "Теплотранзит Караганда" ЖШС Бас директоры Серік Балкишевтің айтуынша, компания Қоғамдық кеңес және қалалық мәслихатпен келіскеннен кейін есепке алу құралдарын енгізудің қорытынды кезеңіне кіріседі. Бүгінгі күні, Қарағандыда көп пәтерлі тұрғын үйлердің шамамен 80% - ы қазірдің өзінде есепке алу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сараланған тарифті енгізу арқасында есепке алу құралы бар тұтынушылардың үнемдеуі орта есеппен 25% құрайтын болады.

- Бізге үнемдеу жолдары бойынша жүру керек. Бүкіл әлемде солай. Біз неғұрлым көп үнемдесек, соғұрлым ЖЭО аз көмір жағып, экологияға аз зиян келтіріледі. Есепке алу құралының міндеті  – шынайы  тұтынылған жылуды ескеру. Тұрғындарға түбіртектегі соманы нақты азайтуға қол жеткізу үшін өз үйлерін энергияға тиімді ету керек, - деп "Теплотранзит Караганда" ЖШС Бас директоры Серік Балкишев атап өтті.

Қарағандыда көптеген тұрғын үй тұрғындары қазірдің өзінде жылуға есепке алу құралдары бойынша алынған есептеулерден үнемдеуді сезінгенін міндетті түрде атап өту қажет. Бұдан кейін жүйе толық қуатпен жұмысын бастайды, мұндай қала тұрғындарының саны тек қана өсетін болады. Қарағанды көппәтерлі тұрғын үй қорын приборлау бойынша мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңі 2013 жылдан 2014 жылға дейін жүргізілді. Сол кезде жылудың 1173 есепке алу құралы орнатылған. Екінші кезең 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осылайша, жалпы алғанда, ағымдағы жылдың соңына дейін жылудың есепке алу құралдарымен Қарағандыда 3 мыңнан астам көпқабатты үйлері жарақтандырылады. Есепке алу құралдары орнатылмаған үйлердің тұрғындары 1 қазанға дейін "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу энергиясын жүзеге асыру бөліміне хабарласуына болады. Осылайша, олар да мемлекеттік бағдарлама қатысушылары атанады. Сонымен қатар, коммуналдық кәсіпорын тексерушілері құралдар жұмысы мен тұрғындармен шарттар жасасуды түсіндіру мақсатында көп қабатты тұрғын үй секторларын аралайтын болады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді приборлауға қатысты өз ұстанымдарын қоғам өкілдері де айтты.

- Барлығы жақсы ойластырылған, жағдай толығымен меңгерілген. Біз жаңа енгізулерге өте қуаныштымыз – деп, энергетика ардагері Василий Желудев өз көзқарасын компания басшылығына айта отырып, атап өтті.

Егер нақты сандар туралы айтатын болсақ, бір бөлмелі пәтер иесі 4 жыл ішінде орта есеппен - 64 мың теңге, екі бөлмелі пәтер – 100 мың, үш бөлмелі – 113 мың, төрт бөлмелі – 140 мың теңге үнемдейді. Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жылу энергиясына сараланған тарифті енгізу 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап жоспарланып отыр.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.