logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жұма, 05 Сәуір 2024 11:07

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» Тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 300 млн теңге бөлді

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» Тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 300 млн теңге бөлді

«Ordabasy Group» холдингіне кіретін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қайырымдылық көмек ретінде 300 млн теңге бөлді.

Бұл – қаржылық шешім табиғи апат салдарынан мүлкіне залал келтірілген адамдарды қолдауға бағытталған «ҚКЖ» тобының жеке үлесі.

Қазақ халқында «Асар» немесе «Жылу жинау» деген жақсы дәстүр бар, ол «көмек қолын созу» дегенді білдіреді. Яғни халқымыз көпшіліктің көмегімен бірлесіп, білек сыбана қолғабыс еткен.

Ата-бабалар дәстүрін жалғастыра, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отыра, компания шетте қалмай, табиғи апаттың салдарын тез арада қалпына келтіруге ықпал етуге үмітті.

Өздеріңіз білетіндей, су тасқыны елдің бірнеше аймағында орын алып, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйлердің қирауына, материалдық шығындарға және халықты эвакуациялауға себеп болды. Бөлінген қаражат су тасқынынан зардап шеккен адамдардың мүлкін қалпына келтіруге бағытталады.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.